Казкомда «Құс Жолы» корпоративтік қорының қызметкерлер-еріктілеріне арналған семинар өтті

27.03.2013

Наурыз 2013ж., Алматы қаласы — Казкоммерцбанкте аймақтарда банктің әлеуметтік жобалары мен қордың қайырымдылық жобаларын жузеге асыру тиімділігн арттыру мақсатында корпоративті «Құс Жолы» қайырымдылық қорының қызметкерлер-еріктілеріне арналған жыл сайынғы семинар өтті.

Онда Қазақстанның 15 қаласынан келген банк филиалдарын ұсынатын қызметкерлер қатысып, жергілікті қоғамның арасында әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды әзірлеу, ұйымдастыру және оларды дамыту бойынша білім алды.

Семинар аясында бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің принциптерін түсіну, әлеуметтік маңыздылығы бар аймақтық жобаларды талдау, сондай-ақ жергілікті әкімдік, мемлекеттік билік органдары, облыстың БАҚ-ры мен мемлекеттік емес ұйымдарымен ынтымақстастық пішіндеріне маңызды көңіл бөлінді.

«Құс Жолы» корпоративтік қорының еріктілері, бұл банк қызметкерлері. Олар өз еріктерімен жұмыстан бос уақыттарында қайырымдылық жобаларды іске асыруға көмектеседі. Еріктілер арқылы банк аймақтарда мынадай жобаларды: «Жиырма ігі шара» (ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қалаларға сыйлық), «Жұлдыздарға қара» (мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау), «Дәрігер Аяз ата» (ауруханаларда ұзақ уақыт бойы ем қабылдап жатқан балаларға көмек), «Атамның жеңісі- менің жеңісім» (9 мамыр мерекесіне орай) іс жүзіне асырды.

Айта кетерлік тағы бір жайт, банктің Бас офисі мен филиалдарының қызметкерлері өте аз салмақпен туылған нәрестелерге қолдау көрсету үшін «Құс Жолы» қоры ұйымдастырып келе жатқан қайырымдылық акциялары мен жәрмеңкелеріне қуана әрі белсене қатысып келеді.

«Сүйеніш пен қолдауды қажет ететін жандарға көмектесе алатыныма мен сондай қуаныштымын»,- деп Казкоммерцбанктің Шымкенттік филиалынан Камиля Тәжібаева семинардан алған өз әсерімен бөлісті.

«Мен «Құс Жолы» қорымен 6 жыл бойы қызмет етіп келемін және де мен өзіме ұнайтын іспен айналысып келемін деп сенімділікпен мәлімдеймін», — деп Казкоммерцбанктің Екібастұз филиалынан Артем Бойченко сырын ашты.

Ал Казкоммерцбанктің Қостанай филиалынан Динара Жүнусова семинардың өткізілуін: «Қайырымдылық жобаларды іс-жүзіне асыруда менің жұмыстарыма қажетті білімдермен толықтырдым» — деп белгіледі.