Қазкомдағы донорлар күні

05.08.2013

Казкоммерцбанктің «Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қоры, Республикалық қан орталығымен бірлесіп, бірнеше жылдар бойы Донордың күнін өткізіп келеді. Бұл жылы шілденің 30-ы мен тамыздың 1-нде Казкоммерцбанктің қызметкерлері, екі күнде ерікті түрде қан тапсырып, қан банкісіне өз үлестерін қосты.

— Біз  09:00- де келдік, сол уақыттың ішінде қан тапсыруға келген бірнеше адам тізіліп тұрды. Банк қызметкерлерінің белсенділігі, бізді ерекше таңқалдырды. Егер де кондиционерлер істен шықпағанда,  біз одан да көп қан қабылдайтын едік. Сол себепті, бірнешеуін қайтаруға тұра келді. Бірақ, кейбіреулері бізбен бірге қан Орталығына барып, қан тапсырды. Мұндай жауапкершілік қуантарлық жағдай — деді өз сөзінде Мансұр Сембаев, Республикалық қан орталығының жылжымалы жағдайдағы донорларды реттейтін бөлімінің қызметкері.

Қан қабылдау процедурасының өзі оңай іс емес. Мединицалық қызметкерлер алдымен қан тобы, резурс-фактор мен гемоглобинді тексеру үшін қан алады. Егер де адамның гемоглобині қажетті дәрежеде болатын болса, онда одан 450 мл. көлемінде ғана қан алынады. Дәл осы көлем, қатерлі ауруға шалдыққан адамдарға құйылады. Кейін, қан герметикалық контейнерлерде қан орталығына тапсырылып, вирустық гепатит, ЖҚТБ инфекцияларға тексеріледі.

Көп жағдайда қан балалар гематологиясына жұмсалады. Лейкоз (қан рагі) сынды ауруға душар болған балалар ұдайы қан құюға зәру. Олардың қан шығару ағзалары қажетті қанмен қамтамасыз ете алмайды, сондықтан әр қан құю процесі олардың өмірін біршама ұзарта түседі. Сондай-ақ, қан, ота және ағзаларды трансплантациялау кезінде өте қажет. Мысалы, бүйректі трансплантациялау кезінде кем дегенде қанның 22-і мөлшері және дәл осындай мөлшерде қорда болуы керек. Мұндай шұғыл операциялар біреудің өмірін сақтап қалады. Қашанда қан банкісінде қажетті мөлшерде қан болуы тиісті. Халықаралық стандарттар бойынша, 1000 адамға әрқайсысы 450 мл. тұратын 50-55 қан тапсырылуы тиіс екен. Сондықтан Қазақстанда донорлардың саны 750 мыңнан артық болуы керек, алайда, өкінішке орай, қанның қоры айтарлықтай төмен.

Біздің отандастарымыз қанның қажеттілігі туралы біле бермейді. Тек өздерінің туысы жол апатына ұшырап, немесе ауырған жағдайда ғана, өмірлерді сақтап қалу үшін қан банкісін толтыру қажеттілігі туралы біле бастайды. Сондай-ақ, көбісі қан тапсыру уақытында қанға инфекция түседі және тағы да басқа жалған ақпараттарға сеніп, қан тапсырудан бас тартады. Қан тапсырудың адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы, ағза қан жасушаларын жаңартатыны, жалпы ағзаның жасаратыны жайлы біле бермейді. Қан түзуші ағзалар қанды тез шығаруға беймделеді, анемияның алдын алады. Қан тапсыру, әсіресе, еркек адамдарға және гипертония ауырына шалдыққан адамдар үшін өте пайдалы.

Айта кетерлігі, қан тек бір ретте пайдаланылатын система арқылы қабылданады.

Сонымен, егер де, Сіз ауыр науқастардың өмірін сақтап қалу үшін, ерікті түрде өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, онда төменде көрсетілген Қазақстан Республиаксының облыстарында орналасқан қан Орталықтарының мекен.

Қазкомдағы донорлар күні

31.08.2012

Бизнестің қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында Қазкоммерцбанк қызметкерлері арасында «Донорлар күні» шарасы ұйымдастырылды.

«Донорлық қанның жетіспеушілігі — өлім аузында жатқан науқастың өмірін сақтап қалуға деген үмітті азайтады»,- делінген «Республикалық қан орталығы» РМКМ-нің Қазкоммерцбанк қызметкерлеріне үндеу-хатында. Ауыр жарақат алған немесе күйік шалған науқастарға ота жасау барысында, күрделі босануларда, гемофилия мен қан аздық ауруларында — адамның өмірін бірқалыпта ұстап тұру үшін қан өте қажет. Әлемнің әрбір үшінші тұрғыны, өмірінің әр кезеңінде, кем дегенде бір рет донор қанына мұқтаж болады.

«Өкінішке орай, тұрғындар арасында қан тапсырғысы келетіндердің қатары көп емес»,- дейді донорларды іріктеу бөлімінің бастығы Анар Құспекова. — Соңғы бір жылдың көлемінде донорлар санының 6%-ға өскеніне қарамастан, бұл көрсеткіш медициналық мекемелердің қан бөлшектері мен оның құрамындағы маңызды заттарға сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр. Бізге күнделікті 120 адам қан өткізген жағдайда ғана, қан тапшылығының өзектілігі жойылады. Қазірде қан тапсыратындардың қатары одан екі есеге кем».

«Республикалық қан орталығы» РМКМ-нің  Қазком қызметкерлеріне «Донор күнін» өткізу туралы өтінішпен қайрылуының да басты себебі осында жатыр.

«Қазкомдағы донорлар күні» шарасына қатысуым, менің донор ретінде екінші мәрте қан тапсыруыма себепші болды. Студент кезімде менің жақын таныстарым ауруханада қан тапшылығын сезінген еді. Науқасқа жедел операция қажет болатын. Сондықтан да, өз таныстарын, соның ішінде менің де, қан тапсыруымды сұрады. Мен ұзақ ойланбастан, келістім. Сол уақытқа дейін қанымның қай топқа жататынын да білмеппін. Менің қаным 1 — топ, резус-факторы- оң болып шықты. Оның ерекшелігі, бұл топтағы қанды басқа топтағыларға да қолдануға болады, сондықтан да 1-топтағы донорлар әмбебап саналады. Бірақ мұнда резус-фактордың да маңыздылығы жоғары,- деп, банктің  кепілді қамтамасыз ету департаменті әдіснама бөлімінің маманы Евгений Панасенко өз ойын ортаға салды.- Қан тапсыру барысында мен қандай да бір ауруды жұқтырып алмаймын ба деп аса уайымдамаймын, себебі, өз ісінің мамандары қанды алу кезінде бір рет қолдануға болатын, зарарсыздандырылған медициналық аспаптарды пайланатыны белгілі. Ал қан тапсырғаннан кейінгі аз уақытқа созылатын әлсіздік сезімін мен басқа біреудің өмірін сақтап қалумен салыстырғанда түкке тұрғысыз жайсыздық деп есептеймін».

«Күнделікті қауырт тіршілігін қамдап жүрген адамдар үшін уақыт тауып, қан орталығына арнайы келудің де белгілі бір деңгейде жайсыздық тудыратынын біз жақсы түсінеміз,- деп жалғастырды әңгімесін Анар Құспекова. – Осы жағдайды ескере келе, соңғы жылдары келісім орнатқан қызмет орындарына арнайы жабдықталған көлікпен өзіміз барып, қан жинау әдісін белсенді дамытудамыз».

«Донорлық қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында қан тапсыруға бел будым. Аталған мәселенің өзектілігі жайлы бұрындары да талай естігем. Қан орталығы мамандарының өздері осында келетінін білгенде,  мұндай мүмкіндікті пайдалану қажеттілігін ұқтым, — деп өз әсерімен бөлісті банктің проблемалық бөлшек несие департаментінің қызметкері Айнур Нұржауова. – Алғашында менде қорқыныш сезімі болмады. Алайда, қаным өте қою болып шыққандықтан, біраз ұзаққа созылды. Сосын басым айналып, өзімді нашар сезіндім. Сол себепті, қосымша анализдерге қажетті қанды тапсыра алмадым. Тексерулерді өтпегендіктен, менің қанымды басқаға құюға болмайды екен. Бірақ, мамандардың айтуынша, жаңа дәрі-дәрмек жасауда жүргізілетін тәжірибелерге пайдалануға жарамды. Қан тапсыруды жалғастыра бермекпін, келесі жолы жағдайымның дұрыс боларына сенемін».

Қан тапсыру тарихынан.

Қан тапсыру бойынша алғашқы тәжірибе 1638 жылы тіркелді. У. Гарвейдің қан айналысы заңдылығын бекіткен еңбегі жарыққа шыққаннан (1628) 10 жыл өткесін,  ағылшын сынақ жүргізушісі К. Поттер жануарларға қан құюды сәтті жүзеге асырған болатын.

Алайда, қан құюдың ғылыми негізі,  қорғаныс тапшылығы туралы ілімнің пайда болуы (И.И.Мечников, П.Эрлих, 1908) мен автриялық ғалым К. Ландштейнердің (1900) АВО қан топтары жүйесі туралы жаңалығынан кейін пайда болды. Соңғысы  өз еңбегі үшін 1930 жылы Нобель сыйлығымен марапатталды.

Банктің 57 қызметкері Қан орталығының мұқтаждығына қан тапсырды. Көп дегенде 30 адамды күткен орталық мамандарын бұл жағдай еріксіз таңқалдырды.

«Өздеріне бейтаныс жандардың өмірін арашалап қалуға белсене атсалыса отырып, осы шарадан сырт қалмауға тырысқан банк қызметкерлеріне өз тарапымыздан шексіз алғысысымызды білдіреміз. ҚР өтеусіз донорлық ісін дамытуда бұдан әрі де екіжақты бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз»,- деді қайтуға жиналған «Республикалық қан орталығы» РМКМ-нің қызметкерлері.

Қазкоммерцбанк клиенттері мен корпоративтік сайтты пайдаланушыларға, біз өз тарапымыздан, донор атанып, қан тапсыру үшін қолайлы жағдайды күтудің қажеті жоқтығын еске салғымыз келеді. Адам өмірін сақтап қалу үшін Сіз, көп күтпей-ақ, ертең қан тапсыруыңызға болады.

Астана қ. Қан орталығы:
Сол жағалау, 23-көше, 10 үй, тел.: (7172) 49-59-56, 90

Алматы қ. Қалалық қан құю орталығы:
Бұхар жырау, 47 үй, тел.: 274-31-99, 274-30-99 (тіркеу бөлімі)

Республикалық қан банкі
Алматы қ. Өтепов көшесі, 1 үй, тел.: 278-33-29, 382-61-43

Облыстық қан орталықтарының мекен жайлары мен байланыс телефондары төменде көрсетілген: www.donors.kz/forum/18.