Казкоммерцбанк пен «Құс жолы» Еркін мейрімдік қоғамының (ДОМ) қамкоршылар кеңесінің мүшелігіне өтті.

16.05.2013

Алматы қ., 16-шы мамыр 2013ж.  — Казкоммерцбанк пен «Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қоры Еркін мейрімділік қоғамының (ЕМҚ) қамкоршылар кеңесінің құрамына кірді.

Сонымен қатар, кеңестің құрамына ЕМҚ-нің бұрынғы серіктестері «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы, «ПетроКазахстан Инк.» АҚ-ы мен «Сәби» қайырымдылық қоры кірді. Қамқоршылар кеңесінің бірінші отырысы журналистердің қатысуымен өтті.

Қордың жаңа жобаларын қолдау мақсатында ЕМҚ серіктестерінің қатарына қосылған «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ-ның қатысуы қамқоршылар кеңесіне ерекше мәртебе берді.

«Мейрімділік» ерікті қоғамының директоры Аружан Саин қамқоршыларға 2013 жылы «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ әріптестігінің аясында дайындалған аутизм ауруына шалдыққан балалар мен олардың ата-аналарына арналған орталықтың іске қосылуын көздейтін «Аутизмді жеңеміз» атты пилоттық жобасын ұсынды.

Қамқоршылар сондай-ақ, қордың «Балаларға өмір сыйла» және «Жетімсіз Қазақстан» жобаларының есебімен танысты.

«Біз «Еркін мейрімдік қоғамы» (ДОМ) қорымен 7 жылдан бері қызмет етіп келеміз. Біз үшін қамқоршылар кеңесінің қатарына өту аса құрметті әрі жауапкершілікті іс. Серіктестеріміз, «Самрұқ-Қазына» қоры және басқа да компаниялардағы әріптестеріміздің бірігуінің арқасында, біз елімізде  бақытты әрі дені сау балалық шақты қамтамасыз ете аламыз деп сенемін», — деді «Казкоммерцбанк» АҚ-ның атқарушы директоры, «Құс жолы» ҚҚ президенті Мағжан Әуезов.

2007 жылы Казкоммерцбанк Қазақстанда жасалмайтын әрі тез арада арнайы ота жасауды қажет ететін балалардың өмірін сақтап қалуға арналған Аружан Саиннің бастамасын қолдады. Банк мақсатқа сай жұмсалатын акцияның шотына түсетін барлық қаражаттың  кепілгері болды. Осы шоттан қазақстандық балаларға ота жасау, сондай-ақ олардың  шетел емдеу мекемелерінде тұруына қажетті қаражат жұмсалады.

Жобаның қатысушысы ретінде Казкоммерцбанк аталған шоттың жүргізілуі үшін алынатын барлық комиссияларды жойды. Сол себепті шотқа түсетін қаражат тек хирургиялық оталарды жасауға ғана жұмсалып келеді.

Ал «Балаларға өмір сыйла» жобасының аясында елімізде алғаш рет онлайн-қайырымдылық ұғымы пайда болды. «Қайырымдылық» қызметін банк Homebank.kz интернет-порталында негізгі қызмет көрсету тізіміне енгізді. Мұнда банк клиенттері мен қызметкерлері кез келген уақытта акцияның шотына қайырымдылық жасап, яғни қаражат аударып, оның сол мақсатқа жұмсалуын қадағалай алады. Сонымен қатар, порталдан акцияның барлық есебі мен отаға мұқтаж және емделген балалар туралы мағлұматтарды ала алады.

Жалпы 6,5 жылда Homebank.kz  интернет-порталы арқылы акцияның шотына 66,3 миллион теңге түсті.

Байланыс үшін:
«Ерікті мейірімдік қоғамы» ҚҚ
атқарушы директоры Татьяна Семёнова
Т.: 8 (727) 267 66 46, +7 777 138 57 88