Қазкоммерцбанк және VISA Қазақстанда алғашқы қайырымдылық төлем картасын шығарды

24.09.2008

Бүгінде қазақстандық жетекші банктердің бірі – Қазкоммерцбанк, «Құс Жолы» қайырымдылық қоры және Visa халықаралық төлем жүйесі «Періште» жобасы аясында Қазақстанда алғашқы қайырымдылық төлем картасын шығарды.

«Періште» жобасының мақсаты – Қазақстанның елді мекендерінде дүниеге келген сәбилердің өмірін сақтау.

Visa жаңа картасының жылдық қызметі үшін төленетін ақы банктің кірісі болып табылмайды, керісінше, «Құс Жолы» қайырымдылық қорының еліміздегі медициналық қондырғыларға аса зәру перзентхана бөлімдеріне қондырғылар сатып алу үшін аударылады.

Жобаға қатысу дегеніміз — Қазкоммерцбанктің арнайы дизайнмен өрнектелген, яғни балалар суреті бар Visa Electron немесе Visa Classic төлем картасын таңдау арқылы, оның иесі Қазақстанның келешек ұрпағының денсаулығын сақтауға өз үлесін қосатын болады. Сондай-ақ, балалардың періштесі болып саналады. Мұндай карталардың төлем мүмкіндігі қарапайым Visa картасынан ерекшеленбейді.

«Періштенің» алғашқы жобасы Алматы облысы, Іле ауданының ауруханасы болып табылады. Алматы қаласына жақын орналасқандығына қарамастан аурухананың перзентхана бөлімі заманауи талаптарға сай келмеді әрі жаңа медициналық құралдарға зәру болатын. Әрі ауданда дүниеге келген нәрестелердің саны 200% құрайды.

Ауруханаға кувез (әлсіз туылған сәбилердің тыныс алуына қажетті инкубатор), интенсивті терапия бөлмесіне транспорттық инкубатор, жаңа туған сәбидің анатомиясы мен физиологиясын қарайтын жасанды өкпе вентиляциясы аппараты, әсіредыбысты диагностика аппараты тарту етілді. Ары қарай бұл жоба еліміздің өзге аймақтарын да қамтитын болады.

«Біз еліміздің әлеуметтік жағдайын шешуге өз үлесін қосқысы келетін Қазақстанның кез келген азаматына заманауи әрі тиімді төлем құралын ұсынғанымыз үшін қуаныштымыз. Қазкоммерцбанктің Visa төлем картасы және «Құс Жолы» қайырымдылық қоры қаржылық шығынсыз-ақ қайырымдылыққа зәру балаларға көмек қолын созуына тиімді мүмкіндік береді, — деп атап көрсетті ТМД елдері бойынша Visa компаниясының аймақтық менеджері Александр Калита. – «Періште» қайырымдылық жасау дәстүрін қайта дамытады, ал Visa картасы жобаның қайырымдылық бағытта сәттіліктерге қол жеткізуіне апаратын сенімді серік болады».

Visa-ның жаңа қайырымдылық картасын ұстаушылар «Құс Жолы» қорының өзге де қайырымдылық акцияларына www.homebank.kz интернет-порталы арқылы немесе Қазкомның кез келген бөлімшелері арқылы қаражат аудара алады. Өткен жылы ғана Homebank.кз интернет порталы арқылы қайырымдылық жобаларға 7 миллион теңге жиналды.

«Осы жылдар ішінде біз өз клиенттеріміз бен қызметкерлеріміздің шын ниетпен білдірген ықылас-пейілдерін байқадық. Енді біз банктің бұрынғы әріптесі Visa төлем жүйесі бейнесінде тағы бір одақтас тауып отырмыз. Біз Қазақстанда жаңа қайырымдылық негіздегі қаржылық құралын жасап шығару арқылы өте маңызды жұмыста күш біріктіріп отырмыз, – дейді «Құс Жолы» қорының президенті, Қазкоммерцбанктің Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Дәулет Сембаев.

Visa Electron және Visa Classic қайырымдылық картасының дизайнын «USP» жарнама агенттігі мүмкіндіктері шектеулі балалардың салған суреттерінің негізінде ақысыз жасап шығарды әрі бұл банк шығарған өзге карталардан ерекшеленген. Аталған жобаның жүзеге асырылуы аясында жарнамалық материалдардың дизайнын ақысыз негізде «POZITIVE» коммуникациялық тобы дайындап шығарды.

Қосымша ақпарат

Қазкоммерцбанк топ-менеджерлері әлеуметтік жауапкершілікті қолдау негізінде 2004 жылы «Құс Жолы» қайырымдылық қорын құрған болатын. Қордың бюджеті 1 миллион долларды құрайды және ол таза пайдадан, яғни, қызметкерлердің, әріптестердің, Банк клиенттерінің ерікті ақша аударуынан құралған. Қор өз жобаларын республикамыз бойынша Қазкоммерцбанк бөлімшелері арқылы жүзеге асырады. Ең басты артықшылығы – денсаулық сақтау мәселелері, әлеуметтік мәселелер, білім және мәдени құндылықтарымызға қолдау көрсету болып табылады. 2005 жылы Қазкоммерцбанк БҰҰ –мен Ғаламдық келісімге отырды. «Құс Жолы» қорының өзіндік басты қайырымдылық стратегиясы және оны тарату принциптері бар.

Visa Inc төлем мен қызметтерді өңдеу жөніндегі шешімдерді қамтамасыз ететін әлемдегі әртүрлі электронды төлемдер желісінің ең ірі компаниясы болып табылады. Оған, сондай-ақ, Visa, Visa Electron, Interlink и PLUS белгісі арқылы ұсынылатын тұтыну несиесі, дебеттік, аванстық және корпоративті есептер кіреді. Visa әлемге танымал көшбасшы болып саналады, ал, Visa/PLUS – әлемдегі 170-ге жуық мемлекеттердің жергілікті валюталарын пайдалануды қамтамасыз ететін әлемдегі ірі банкоматтар желісі болып табылады. Нақты ақпаратты мына мекен-жай бойынша: www.corporate.visa.com алуға болады.