Қазкомның қайырымды жүрегі

04.08.2011

2011 жылғы маусымда Қазкоммерцбанк қызметкерлерінің бастамашы тобы Алматы облысындағы Шелек ауылы мен Қаракестек ауылындағы 2 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Халықаралық балалар күнімен құттықтап, ең қажетті заттар мен тұлғаны дамытуға арналған ойыншықтар сыйлады. Шелек ауылындағы балалар үйінің ойын бөлмесіне  4 жаңа кілем, Қаракастек балалар үйіне ойыншықтар жиынтығын сыйлады.

Шелектегі, Қаракастектегі балалар үйінде 5 жасқа дейінгі балалар өмір сүріп, мектепке дейінгі білім алады. Қаракастекте денсаулығы дұрыс балалар, Шелекте мүмкіндігі шектеулі балалар да тәрбиеленуде.  Тұлғаны дамытушы ойыншықтар балаларға денсаулығын жақсартуға, сонымен қатар сауықтырушы гимнастикамен айналысуға мүмкіндік береді.

Қазкоммерцбанк қызметкерлерінің қайырымдылық акциясына  қатысуға шақыруына Алматыдағы «Алматы кілем» кілем фабрикасы үн қатты. Олар Шелектегі балалар үйіне 2 кілем сыйлады.

Қазкоммерцбанк қызметкерлері жинаған 230 000 теңге қажетті киімдер, аяқ киімдер, велосипедтер мен түрлі ойыншықтар мен 2 кілем алуға жұмсалды. Банктің көптеген қызметкерлері жетім балаларға өздерімен бірге түрлі сыйлықтар ала барды.

«Біз бірге даңқты команда болдық»,- дейді Қазкоммерцбанк қызметкері Айгүл Ахметова.

«Әр адамның өз мұқтаждықтары, өз балалары бар. Алайда сіздер балалар үйіміздің тәрбиеленушілері үшін  уақыт тауып, қажетті құралдар мен ойыншықтар сыйладыңыздар»,- деді Қазкоммерцбанктің бастамашы тобына алғыс білдірген Шелек ауылындағы облыстық арнайы балалар үйінің бас дәрігері А.Букаева.

«Бүгін біздің балалар үйімізге әкелген ойыншықтар мен киімдеріңізді көріп, акцияға қатысқан әрбір азаматтың жаны жайсаң деп білеміз. Бізге көмек қолын созғандарыңызға үлкен алғыс білдіреміз. Балаларға жылу сыйлағандарыңыз үшін үлкен рахмет», — деді өз алғысын білдірген Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракастек ауылындағы балалар үйінің бас дәрігері Б.С. Бигелдиева.

«Құс жолы» қоры Алматы облысындағы екі балалар үйіне көмек көрсету акциясына қатысқан Қазкоммерцбанк қызметкерлерінен құралған бастамашы топты қолдаған «Алматы кілем» компаниясына, сондай-ақ КАЗКОМ-дағы қайырымды жүректерге қолдау білдіріп, көмек көрсеткендерге үлкен алғыс білдіреді.

Шелек а. үшін тізім

Каракестек а. үшін тізім