Құлақтандыру. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге қосымша мүмкіндіктер

29.05.2015

2015 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Қазкоммерцбанктің «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жұлдыздарға қара» — «Посмотри на звезды» жобасының байқау шарттарын жақсартады.

Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Бұл дегеніміз, жалпы халық санының 3,7%. Ал олардың жартысынан астамы, яғни 65,6% — еңбек етуге қабілетті жандар. Дегенмен, бүгінгі күні олардың ішінде шамамен 100 мың адам ғана жұмысқа тұрған. Алайда бұл санаттағы адамдар үшін оңтайлы шешімдердің бірі – жеке бизнестерін ашып, оны дамыту. Кішігірім болса да, оларға тұрақты табыс беріп, қоғамда өз орнын таба алатындай, қаржы жағынан тәуелсіз болып, өз отбасын асырай алатындай болу керек.

2015 жылы «Даму» мен «Құс Жолы» қорлары мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында «Жұлдыздарға қара» — «Посмотри на звезды» жобасын жалғастыруды жөн санады. Алайда осы жылы ұйымдастырушылар байқауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтті.

Аталған жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға өз бизнес идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл мақсатқа оларға байқау негізінде 100 мыңнан 300 мыңға дейін тегін гранттар бөлінеді.

Байқауға 18 жастан асқан, мүгедектігі бар, кәсіпкерлігі бар немесе енді бастайын деп жатқан ҚР-ның азаматтары қатыса алады.

Өтінімдер 2015 жылдың 3 шілдесіне дейін қабылданады.

Байқауды өткізу шарттары, өтінім нұсқасы мен қажетті құжаттар тізімі келесі сайттарда жарияланған: www.damu-komek.kz немесе www.kuszholy.kz.

29 мамыр 2015 жыл