Күн бойынша уақытты өлшейк

12.10.2011

Қыркүйек айының 26-ші жұлдызында «Құс жолы» қайырымдылық қоры және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және банктің құрылғанына 20 жылдығына орай, Теміртау қаласы мен оның тұрғындарына бүгінгі күні ҚР-ның қалаларында бірегей болып табылатын  күн сағаттарының композиясын сыйға тартты.

Уақытты өлшеуге арналған тарихи-көне аспаптарының бірі – күн сағаттарын салтанатты түрде табыс ету Қала күніне орай тұспа-тұс келді. 1-ші қазан күні Теміртау қаласына 66 жыл толды. Сағат композициясы диаметрі 4 метрді құрайтын гранитті циферблаттан, сонымен қатар плиткамен қоршалған және периметр бойынша отырызылған ландшавтты гүлзардан түрады.

Қала тұрғындары бос уақыттарын негізгі-бас көшеде орналасқан саяжолмен, Металлургтер даңғылының бойымен жүріп, аталған композицияны тамашалап, сондай-ақ сағаттағы уақытыңызбен салыстыруға болады. Аталмыш композиция қала тұрғындарының ең сүйікті орындарына айналатынына кәміл сенімдіміз.

Табиғи тастан жасалған күн сағаты – «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның тарапынан жүзеге асырылып жатқан «20 қайырымды істер» атты республикалық қайырымдылық акциясының аясында сый тартып отырған оныншы қала. Жобаның бюджеті 1,7 млн теңгені құрады.

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ы мен «Құс Жолы» қорының арасындағы серіктестік туралы Меморандумды жасасуы бірлескен жобаның бастамасы болып табылады. Бүгінгі күні біз екі жақтың тарапынан белсенділік танытып отырған серіктестіктің нәтижелерін көріп отырмыз. Өзге де жеке компаниялар аталмыш банктен үлгі алып, Теміртау қаласының өміріне белсенді ат салысатынына сенім білдіреміз», — деді Теміртау қаласының әкімі Сұлтанов Нұркен мырза.

«Биыл қаламыздың негізі қаланғанынан бері 66 жыл толды. Біз Теміртау қаласы мен оның тұрғындарына ерекше, мәңгі есте қалатын сый жасауға тырыстық. Қазақстанның өзге қалаларында бұндай жоба іс жүзінде болмағандықтан «Күн сағаты» туралы идея біздің көңілімізден шықты», — деді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Теміртау филиалының директоры Сабыров Мейрам мырза.