«Құс Жолы» қоры: қазақстандық балеттің жарық жұлдыздарын қолдаймыз

18.07.2007

18 шілде 2007 ж. — Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет тетарының жас орындаушысы Досжан Табылды алғашқы Корейлік халықаралық балет байқауыынң жеңімпазы атанды.

«Құс Жолы» қоры   Алматы-Сеул-Алматы әуе жолын төлеу арқылы әртіске демеушілік көрсетті.

— Досжан, сенің Оңтүстік Кореяда өткен балет байқауының жеңімпазы болуыңмен құттықтаймыз! Біз де сіздің жеңімпаз болуыңызға тілектес болдық.  Байқаудың қалай өткені жөнінде ой бөліссеңіз?

— Бұл байқауға әлемнің 13 мемлекетінен 86 үміткер қатысты. Олардың арасында Венесуэла, АҚШ, Германия, Куба сияқты мемлекеттер бар, ТМД елдерінен Ресей, Украина, Қазақстан мен Қырғызстаннан қатысты.  Бағдарлама 3 тур бойынша өтті. Әрбір тур екі күнге созылды: классика, модерн және тағы да классика.  Қазақстандық балет мектебі модерннен  мықты екенін айта кеткім келеді, мен екінші турда жоғары топта өнер көрсете отырып,  жоғары көрсеткішке ие болдым. Ұстазым Гүлнәр Адамова екеуміз бірлесіп, ерекше нөмір дайындадық. Қазақстаннан барлығы 20 адам барды. Олардың көбі Алматыдағы Селезнев атындағы  хореография училищесінің оқушылары.  Алғашқы орыннан көрінгендер Қытай, Корея және ресейліктер болды.

— Қазылар алқасының құрамында  кімдер болды?

— Қазылар алқасының құрамында ресейлік балеттің танымал әртістері:   Екатерина Максимова, Вадим Писарев, корейлік балерина – Джулия Мун, сонымен бірге көрші мемлекеттердің өкілдері: Қытай, Жапониядан арнайы мамандар келді.  Алғаш рет бұл байқауда Қазақстанның өкілі ҚР Халық әртісі Гүлжан Тұтқабаева да қазылар алқасының құрамында болды.

— Сіздің  қойылымыңызға арналған бағдарламаға дайындық қалай жүрді?

— Менің дайындыққа уақытым өте тығыз болды. Бар-жоғы төрт күн.  Кореядағы репетиция кезінде аяғымды ауыртып алдым, бұлшық етім созылып кеткен еді. Аяғым ауырғанда, жаным шыға жаздады, тыныштандыратын ем қабылдап алдым да, іштей өзімді-өзім дайындап, сахнаға шығуға бел будым. Осындай қиындықтар туып тұрса да, сәтті өнер көрсеттім, әрі жеңімпаз атандым. .

— Сізге Корея елі,  тұрғындары ұнады ма?

— Кореяны көруім алғаш емес. Бұл байқауға дейін де, 2005 жылы Сеулде өткен халықаралық  билер байқауына қатысып, күміс медаль жеңіп алғам. Балетті құмартатын көрермендердің көбі мені танып, қолтаңба алып жатты. Маған бұл қала өте ұнайды, әрі достар да таптым. Шын мәнінде байқауда достар болмайды, тек қана бәсекелестер бар.  Ұйымдастырушылар қызықты бағдарламалар да ойлап тапқан екен. Бірақ мен өз уақытымның көбін дайындыққа арнап, ештеңеге көңілімді бұрғым келген жоқ.

— Байқаудағы жеңісіңізден кейін Сізге жұмысқа қатысты жаңа ұсыныстар түскен жоқ па?

— Ресейлік балет мэтрлері  өздерінде тәжірибеден өтуге шақырды. Шілде айында Мәскеуге аттанам. Үлкен театрдың әртістерімен танысып, тәжірибе алмасам, әрі өзімнің деңгейімді көрсетуге де мүмкіндік туып тұр.  Бұл мен үшін кәсіби шеберлігімді нығайтатын тиімді мүмкіндік.

Өзінің 22 жастық ғұмырында Досжан Табылды Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрындағы қазақстандық балеттегі Спартактың рөлін орындайтын талантты әрі ең жас жетекші жеке орындаушы болып табылады.

Өзінің өнер жолында театрдың барлық балеттік спектаклдерінде басты партияларда ойнады:  «Кармен-сюита», «Жизель», «Сильфида», «Бахчисарайский фонтан», «Лебединое озеро», «Корсар», «Дон Кихот», , «Фауст» операсындағы «Вальпургиева ночь», «Щелкунчик», «Спартак».

2002-2006 жылдар аралығында  Мәскеу, Қазан, Пермь, Астана, Хельсинки, Сеул қалаларында өткен әртүрлі халықаралық балет байқауларында  жоғары сыйлықтарды иемденген талант иесі.