«Құс Жолы» Қоры және Қазкоммерцбанк қазақстандық ата-аналарға аутизммен күресуге көмектесуде

06.04.2015

2015 жылғы 3-ші сәуір, Алматы қ. – «Мейірімділік» Ерікті ұйымы Қазкоммерцбанктің және «Құс Жолы» қорының қаржылай қолдауымен балаларды аутизмнан шығару тәсілдері бойынша «Аутизмге біртұтас функционалдық тәсілмен қарау. Аутизмнен шығудың мысалдары» атты электрондық кітапты жарыққа шығарды.

Танымал ғалым және психолог, философия ғылымдарының кандидаты – Владимир Яковлевич Матвиевский жазған бұл ерекше басылым алғаш рет орыс тілінде шығып отыр. Аталған кітапта мамандарға және ата-аналарға баладағы аутизмді анықтауға және оны осы жағдайдан өз бетімен шығарудың сабақтары ұсынылған.

Кітапты таныстыру рәсімінде Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Мағжан Әуезов кітаптың бірінші данасын оның авторы Владимир Матвиевскийге өз қолымен табыстады.

Аталған кітап электрондық — flash түріндегі таралымы 1900 данамен шығарылды. Кітапты «Меломан» дүкендерінің желісінде және электрондық түрде Goodbook.k сайтынан сатып алуға болады. Сатылымнан түскен барлық қаражат кітаптың келесі таралымына жұмсалады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақстанның мамандары аутизмді мойындамаған. Әлемнің статистикасы аутизмді әпидемияға айналғанын дәлелдеп жатқан кезде Қазақстан бар болғаны 30-дан астам ғана жағдайды тіркеген болатын. Егер де бұрын 1000 балаға шаққанда 1 бала ғана бұл ауруға шалдықса, бүгінгі күні 160-қа 1 бала, ал кейбір мемлекеттерде тіпті әр 50 балаға 1 бала келеді екен.

Кітапты таныстыру рәсімі аясында, «Балаларға өмір сыйла» топтамасынан үшінші ғылыми-танымал деректі фильмі көрсетілді. Бұл фильмді танымал қазақстандық документалист Жанна Балакаева түсірген болатын. Кітапты таныстыру рәсіміне фильмнің бас кейіпкерлері – аутизмге шалдыққан балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

Қазкоммерцбанк «Мейірімділік» Ерікті ұйымымен 2007 жылдан бері серіктес. Банк Қазақстанда жасауға келмейтін шұғыл ота жасатуға зәру балалардың өмірін құтқаруға арналған «Балаларға өмір сыйла» акцияның шотына түсетін барлық қаражаттың мақсатты жұмсалуына кепілгер болып табылады.

Міне, осы «Балаларға өмір сыйла» жобасының аясында, елімізде алғаш рет онлайн-қайырымдылық түсінік пайда болды. Банк «Қайырымдылық» функциясын Homebank.kz қаржы порталының негізгі қызметтерінің тізіміне енгізілді. Банк клиенттері мен қызметкерлер ағымдағы уақытта акцияның шотына қаражатты аударып, оның мақсатты жұмсалуын бақылайды, сонымен қатар олар осы порталдың өзінен-ақ, акция бойынша барлық есептерді көріп, шұғыл отаға зәру және ота жасалған балалар туралы кеңінен таныса алады. 
Қазкоммерцбанк сонымен қоса, 2013 жылдан бері «Аутизмді жеңеміз» жобасын қолдайды.

Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Мағжан Әуезов 2013 жылдан бері «Мейірімділік» Ерікті ұйымының қамқоршылар кеңесінің мүшесі. 

Байланыс үшін: 
Жандос Сеит, «ДОМ» ҚҚ бұқарамен байланыс бөлімінің маманы 
Тел.: +7 701 783 53 00, e-mail: seiit.z@detdom.kz 
Алина Аманжолова, «Құс Жолы» ҚҚ жобаларының үйлестірушісі 
Тел: +7 (727) 258-51-05, вн.58294, e-mail: ALiAmanzholova@kkb.kz