«Құс Жолы» және Қазкоммерцбанк операциялық блокты толығымен жабдықтады

03.11.2013

2013 жылдың 1-ші қарашасы, Мерке ауылы«Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанк «Періште» жобасы аясында, Жамбыл облысына қарасты Мерке ауылындағы аудандық орталық ауруханаға шұғыл және жоспарлы ота жасауға арналған құны 25 млн.теңгені құрайтын жаңа медициналық құрылғыларды тапсырды.

«Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанк бірнеше жыл бойы «Періште» жобасын іс-жүзіне асырып келеді. Жоба аясында  қор республиканың ауылды аймақтарындағы перзентханаларды жаңа замануи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтауда. Биылғы  жылы «Құс Жолы» Мерке ауылындағы аудандық орталық аурухананы таңдады.

1983 жылдан бері Мерке ауылындағы аудандық орталық аурухана, ауданның 80 мыңнан астам тұрғындарына 1-ші дәрежедегі қажетті медициналық қызмет көрсетіп келеді.  Ауруханда екі ота жасау блогы қызмет етуі қажет, алайда, осы уақытқа дейін оның біреу ғана жұмыс істеп келген.  Міне, сол себепті, «Құс Жолы» қоры бірінші кезекте аурухананың №1 ота жасау блогын (гинекология және жалпы хирургия) толығымен құрал-жабдықтармен толықтыруды жөн көрді.

«Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қоры ұсынып отырған жаңа құрал-жабдықтар үшін біздің алғысымыз шексіз. Дәл осындай құрал-жабдық біздің ауруханаға қажет еді. Өкінішке орай, жаңадан туылған сәбидің өмірін құтқару үшін тек дәрігер қызметінің өзі аз, арнайы құрал-жабдық қажет-ақ. Енді, ол бізде бар», деді Мерке ауылындағы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Мұхит Серімов.

«Құс Жолы» қорының қызметкерлері операциялық бөлімінің алғашқы техникалық жабдықтардағы қажеттіліктермен  танысқан еді. Кейіннен «Медико – Инновациялық Технологиялар» компаниясының қызметкерлері медициналық құралдардың оңтайлы кешендерін құрып, оны аурухана дәрігерлері мен басшылармен келістірді.

Ауруханада жаңадан жабдықталған медициналық кешен жоспарлы және шұғыл оталарды жасауға қажетті медициналық көмекті ұсынады.     

«Періште» жобасы, Қазақстан бойынша аудандық ауруханалардағы кішкентай емделушілерге өз көмегін беріп, қайырлы ынтасын танытқан банк клиенттері мен серіктестерінің арқасында іс-жүзінде асуда», деді өзі сөзінде «Құс Жолы» қайырымдылық қорының президенті және Қазкоммерцбанк АҚ-ның басқарушы директоры Мағжан Әуезов.

Мерке аудандық ауруханасында «Құс Жолы» қоры табыстаған медициналық кешен 18 замануи техникалық құрылғылардан тұрады. Олар: операциялық үстел (Финляндия), операциялық жарық беруші шамшырақ (Финляндия), акушерлік төсек (Финляндия), монитор (Жапония), үшін помпа (Литва), портативтік дефибриллятор (Жапония), ларингоскоптардың жиынтығы (Италия), наркозбен дем алу аппараты (АҚШ), қозғалатын төсек (Чехия), операциялық құрылғылар жиынтығы (Ресей), операциялық үстел (Беларус), жоғары жиілікті хирургиялық аппарат (Германия), бактерицидтік сәуле бөлгіш (Ресей), жаңадан туылған сәбилерге арналған реанимациялық жүйе (Үндістан)  және қосымша медициналық толымдаушылар.  

7 жыл бойы «Құс Жолы» қорымен жұмыс істеп келе жатқан «Медико – инновациялық технологиялар» жабдықтаушы компаниясы осы жолы да өзінің қайырымдылық үлесін қосты. Ауруханаға инфузиялық волюметриялық насостарды (Германия) сыйға тартты.

Қазкоммерцбанктің жобадағы үлесі тек қаржылай түрде ғана шектеліп қоймайды. Қазақстанда банк ең алғашқы болып әлеуметтік маркетингтік құралды, яғни арнайы қайырымдылық төлем карталарын сату арқылы клиенттеріне жобаға өз үлесін қосуын ұсынды.

Казкомның клиенті баланың суреті бар картаны алған кезде қосымша ешнәрсеге төлемейді, ал банктік комиссия банктің есебіне емес, «Құс Жолы» қайырымдылық қорына аударылады. Қайырымдылық картадан түскен қаражатқа Қазкоммерцбанк қосымша екіден үш қайырымдылық жарнасын қосады. Нәтижесінде жобаның соңғы қаражаты құралады. Міне, осы арқылы «Періште» жобасы Қазкоммерцбанктің әр клиентіне өзін жаңадан туылған сәбидің нағыз қорғаушы періштесі болуына шақырады.  

Кез-келген адам Homebank.kz интернет-порталы мен Қазкоммерцбанктің бөлімшелері арқылы «Құс Жолы» қорының қайырымдылық акцияларын қолдауға қаражатын аударып, оның мақсатты орындалуын қадағалай алады.  

«Періштенің» ең алғашқы жобасы ҚР ДМ педиатрия мен балалар хирургиясының ғылыми орталығына қарасты хирургия мен реанимация бөлімі болды. Бұл күндері бұл бөлімшеге Қазақстанның барлық жерінен келген балалар ем алуда. 2009 жылы қор Іле аудандық орталық ауруханасын жабдықтаса, 2011 жылы Балқаш қаласындағы Орталық ауруханасының перзентхана бөлімін, ал 2012 жылы Шығыс-Қазақстан облысының Ұржар аудандық ауруханасының реанимациялық бөлімшесіне заманауи құралдарды тапсырды. 4 жобаның жалпы құны 115 млн. теңгені құрады.