«Құсжолшылардың» нағыз командасы!

10.12.2010

КАЗКОМ филиалдарындағы «Құс Жолы» қайырымдылық қорының басында кім тұрғанын екінің бірі біле бермейді.

«Құс Жолы» қоры – Алматыдағы 2 қызметкерден ғана тұрмайды, бұл әртүрлі қызметтерді атқаратын 20 қайырымды адамдарынан құралған КАЗКОМ-ның филиалдарының қызметкерлері.  Біз өзіміздің еріктілерімізді «құсжолшылар» деп атаймыз.  «Құсжолшылардың» тынымсыз еңбектерінің, олардың белсенділігі мен қайырымдылық көмектерге деген бей-жай қарай алмайтындықтарының  арқасында Қор жобалары Қазақстанның ірі қалаларында ғана емес, кішігірім елді мекендеріне де танымал болды.

Қор еріктілерінің арасында қайырымдылық жобаларды меңгерген тәжірибелі мамандар да, сонымен бірге қайырымдылық жобаларымен «Құс Жолы» қызметі арқылы танысқанына көп уақыт болмаған,  жаңадан келген мамандар да бар.  Жаңадан келген мамандардың Қор жобаларының қызметін дұрыс түсінуіне, тәжірбиелі қызметкерлердің  өз тәжірибесімен бөлісуіне және әрбір еріктіге «Құс Жолы» жобасын қайта ашуға стратегиялық сессия  көмектесті.

10-11 желтоқсан,  2010 ж. —   «Құс Жолы»  қоры Алматыдағы филиалға еріктілердің бәрін шақырып, стратегиялық сессия өткізді, сол арқылы ҚОР:

  • Қайырымдылық жобалардың кілттік идеясын дұрыс түсіну арқылы ортақ пікірлес  команданы біріктіру;
  • Еріктілердің қайырымды достығын нығайту және Қор ішінде ашық, әріптестігі берік  және қарым-қатынасы тығыз команда құру;
  • Әрбір қызметкердің ортақ іске қосар үлес салмағын көбейту;
  • Қарым-қатынастық жаттығулардың арқасында жұмыс уақытын өнімді пайдалану арқылы еріктілерге көмектесу.

Екікүндік сессия теориялық білімнен ғана тұрған жоқ, сонымен бірге әрқайсысының шеберлігін арттыратын мәдени бағдарламалар, мәселен, Лермонтов атындағы театрға барып, «Вишневый сад» спектаклін» тамашалау сияқты практикалық жаттығулар да болды.

Стратегиялық сессия аясында мерекелік шараның қорытынды аккордтарының бірі өз қалаларында «Құс Жолы»  қорының қайырымдылық  жобаларын дамыту жолында үлес қосқан еріктілерге алғыс ретінде брендтелген кәдесыйлардың табыс етілуі болды.

Қатысушылар жобалар бойынша қалай тиімді жұмыс істеу, аймақтарда қалай басқару, жобалық өтініштерді жинауды қалай жүзеге асыру мәселелерін де ұғынды.  Пікірлес достар тапты.

Стратегиялық сессия еріктілердің өз күштеріне сенуге, Қордың миссиясын, оның құрылымын, Банк  және филиалдары үшін оның қызметінің маңызын дұрыс әрі терең түсінуге көмектесті.

Ал Қор өз «құсжолшыларын» жақсы тани алды, олардың әрқайсысының жеке тұлғалық қасиеттерін көрді әрі аймақтардың шынайы қыр-сырын түсінді,  сонымен бірге әрі қарай бірлесе тыңғылықты қызмет етудің  бағыт-бағдарын қалыптастырды.

Біз барлық уақытта да «Құс Жолы» Қорының еріктілері әрдайым басты кейіпкерлер болып қалатын  қайырымдылық «эпопеясының» шымылдығын ғана аштық,

Қор жобаларына қатысу адамның өз еркіне байланысты. Әрқайсымыздың басты құндылығымыз болатын нәрсе жүрегімізді ашу арқылы  сенімді таңдау жасау…  Қайырымды әрі бекзат  іс жасаңыздар, тиімді, риясыз жомарттық жасап, адамдарға көмектесу арқылы өздеріңізге ләззат алыңыздар!

Стратегиялық сессияның қорытындыларымен «құсжолшылардың» өздері былай бөліседі:

«Ең әуелі біз бір-бірімізбен таныстық, енді бізге іскерлік жазбаларда да тіл табысу қиын болмайды.  Өзің білмейтін адамға өзіңнің ішкі жан-дүниеіңді аша алмайсың ғой. Ал қазір бір-бірімізбен әңгіме-дүкен құру оңай әрі жеңіл. Екіншіден, әрбір адам тренингтен  драйвты бастан кешті, жағымды сезімде қалды. Біздің басшыларымыз: «Біз өз ісімізге тұрақты болуымыз керек» деп айтады. Сессиядан алған көңіл-күйіміз ұшан-теңіз. Үшіншіден, біз бір-бірімізден тапсырылған жұмысты жай ғана атқарып жүрген жандарды емес,  пікірлестікті, жүректілікті байқай алдық. Сен атқарған жұмыс біреуге пайда әкеліп жатса, оның несі жаман?! – деп ой бөліседі Семей қаласындағы «Казкоммерцбанк» АҚ  «Флагман» филиалы бөлімшесінің бастығы Жайнагүл Түсіпбекова.

ОРБ Қарағанды филиалының жетекші маманы Наталья Рыбина: «Стратегиялық сессия біздерді жаңа достармен таныстырды. Екіншіден, біз аталмыш ұйымға және қайырымдылық жобаларының өткізілуіне  деген ойымыз бен көзқарасымызды нықтай алдық.  Біз атқарып жүрген жұмыстардың барлығы да ең алдымен адамдар үшін атқарылуда (балаларға, мектеп оқушыларына, ҰОС қатысушыларына және т.б.).  Ең басты міндет –ҚКБ көңіл аударту емес, адамдарға сенім мен үміт ұялату.   Бір жылға өзімізге алдын-ала энергия жинақтағандаймыз. Сессия осындай қайырымдылық жобаларын өткізуімізге  күш-қуат және өзімізге деген сенім берді, әрі жауапкершілікті жүктеді.

«Біздің атқарып жүрген ортақ ісіміздің қажетті іс екенін енді нақты түсіндім! Қайырымды іс  атқарып жүрген Қор қызметкерлерімен танысқаныма да қуаныштымын!», — дейді «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтау филиалы ОРБ бастығы Нұрлан Хамзин.

«Құс Жолы» стратегиялық сессиясынан мен не түйдім? Тіпті, мойындаудың өзі қорқынышты…

Өте маңызды сәт – қайырымдылық қорының жұмысын түсінгенім. Бұл уақытқа дейін кез келген акция мен үшін қосымша жұмыс, бос уақытты өткізу болса, енді мен үшін қайырымдылық миссиясы шынайы ризашылығыммен атқаратын кәсібіме айналатын болды.

Сессияға дейін: «тек біз емес, өзгелер атқарсын» деуші едік, енді қазір: «біз болмасақ, кім атқарады!» — деген жеңіл әзілмен стратегиялық сессияның тиімділігін жеткізді «Казкоммерцбанк» АҚ  Жезқазған филиалының ОРБ бастығы Қайырбек Исмаилов.