Меморандумға ашық түрде қол қою. Кішкентай балқаштықтарға сыйлық.

20.07.2011

2011 жылдың сәуір айының 27-ші жұлдызы – «Қазкоммерцбанкт» АҚ-ның Балқаш филиалы «Еліміздің және Банктің 20-жылдығына орай қалаға сый тарту» қайырымдылық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала Әкімімен серіктестік жөнінде Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қала әкімі К.Г.Тейлянов пен «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның Балқаш филиалының директоры И.Т.Шаяпов қол қойды. Түрлі ұйымдардың өкілдері, соның ішінде «Құс жолы» Қорының және Балқаш филиалының жобаны жүзеге асырудағы серіктестері, атап айтсақ, мүгелектер қоғамы, ардагерлер кеңесі, кәсіпкерлік бөлімі, сонымен қатар қаланың басқа да коммерциялық ұйымдарының өкілдері аталмыш іс-шараның құрметті қонақтары болды.

Тейлянов Қадыржан Гейнятұлы, Балқаш қаласының әкімі: «Бұл меморандумға қол қою әлеуметтік әріптестіктің тағы бір қадамы болып табылады. Бұл аталмыш жобаның аясында қазкомдықтар кішкентай балқаштықтарға балалар алаңынын жасауды мақсат етіп отыр. Балаларды халықаралық қорғау күніне орай аталмыш балалар алаңының тұсаркесері өтпек. Қазкомның бұл сыйлығы басқа да коммерциялық құрылымдарға және басқа банк жүйесіне үлгі болар деген ойдамын».

«Осымен төрт жыл көлемінде біз Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» қайырымдылық корпоративтік қорымен ҰОС-ның ардагерлерін, студенттерді, жастарды қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеміз. Осыдан екі апта бұрын біздің қаламыздың Орталық ауруханасында «Жебеуші-періште» жобасының шеңберінде босану бөліміне арналған жаңа жабдықтың тұсаукесері өтті. Ал бүгін біз жаңа балалар алаңын іске асырдық. Балалардың бақыты – бақытты мемлекеттің белгісі», — дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ Балқаш филиалының директорі Шаяпов Илья мырза.

Қалалық мүгедектер қоғамының төрайымы Қ.Жақыпбаева «Құс жолы» қайырымдылық қорына «Жұлдызға қара…» аймақтық жобасының шеңберінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз ісін дамытуға ықпал еткендігі үшін ризашылықтарын білдірді.

Серіктестік жөнінде Меморандумға қол қою Балқаш қаласындағы замануи тұрғыдағы балалар ойын алаңының бастамасы деп білеміз.