Мен және болашақ

04.06.2012

Балаларды қорғау күнін атап өтуіне байланысты «Құс Жолы» Қоры Қазкоммерцбанк қызметкерлерінің балалары мен немерелерінің арасында «Мен және болашақ» атты балалар сурет байқауын ұйымдастырды. Банктің 20 филиалдары арасында өткізілген байқаудың қатысушылары мен дипломанттарына арналған Қордың сый-сияпаттарына бағытталған жобаның жалпы бюджеті 1 млн.теңгені құрады.

Балаларды қорғау күніне орай «Құс Жолы» қайырымдылық корпоративті қор Қазкоммерцбанктің бас кеңсесінде балалар суретінің көрмесін ұйымдастырды.

Байқаудың тақырыбы: «Мен және болашақ». Ересек адамдардың ойына түрлі техникалық  инновациялық идеялар ойға оралады. Ал балалардың көзқарасынша болашақтағы олардың өмірлері өзгеше көрінеді.

Балалар тапсырманы дереу түсініп, ата-аналарға естелік ретінде өздерінің қиялына орай, түрлі ойларын ортаға салды. Біреулері өздерінің болашақтарын мейірімді жан-жануармен байланыстырса, екіншілері – жауын атсындағы тәтті мақтамен ұшып жүргенін елестетсе, келесілері болашақтарын балет және денсаулық сақтау саласымен байланыстырды.

Байқауға Қазақстанның барлық аймақтарындағы банктің қызметкерлерінің балалары қатысты. Салынған суреттерге қарасаңыз еріксіз езу пайда болады. Бұл суреттер суретшілердің құрдастарына емес, балалардың ата-аналарына өте қызықты болды. Өзімді сол образда көріп, осындай жаста бұл идеялар ойыма қонар ма еді деп ойлана бастадым?

Бұл нақты жағдаятта мен байқау комиссиясының мүшесі болғанды қаламас едім. Кім жеңімпаз, кім жеңілгенін қалай білуге болады? Болашақ жайлы қиялды қалай сараптамаға саламыз? Ертеңгі күні мүмкін ядролық жарылыс немесе аспаннан балмұздақ жауатынын біз білмейміз ғой. Дегенмен байқаудың қорытындылары мынандай көрініске ие болды:

1 орын – Яна Герасимчук «Біз біргеміз!»
2 орын – Асқар Бакеев «Мен құтқарушы болғым келеді»
3 орын – Сайжан Келтенов «Космостық кеме, ұшақ және тік ұшақтағы мен, ал аспаннан тәтті мақта мен балмұздақ жауады»

Ең үздік авторлық жұмыстар номинациясы бойынша:

Инновациялық болашақ: Бексұлтан Елубаев «Роботтар және басқа планеталық»
Оптимистік болашақ: Жәмила Сейтқанов «Ұшып жүрген машиналар»
Ең мықты кәсіби бағыт: Ардақ Айтқалиева «Дәрігер. Зеленый врач», Аяулым Чиналиева «Бишілер», Арайлым Омархан «Балерина»
Салауатты өмір салты: Роман Стуков «Анам, әкем және мен»
Маңыздылығы бойынша: Аружан Кенжеғали

Ешкім сыйлықсыз қалмады, барлықтары өздерінің фантазияларын паш еткендері үшін сый-сияпаттарға ие болды. Балаларға ең басты сыйлық – «ата-аналарымен жұмысқа бірге келу» болды. Қазкомның кеңсесі балалардың сыңғырлаған күлкісі, таңданған түрлері мен айғай-шуға толы «Бебилендке» айналды. Ересектер балаларын жұмыс орындарына отырғызып, жұмыс кезінде анасы мен әкесі қалай ақша табатындығын айтып, көрсетуге тырысты. Меніңше, бұл балаларға маңызды болмады. Ата-аналарымен бірге өткізген артық сағаттары оларға маңыздырақ болған сияқты.

P.S. «Құс Жолы» қорының жұмысшыларының да ойлағаны, көздегені осы болды емес пе – ата-анасымен жақындастырып, бірер сағат болса да бірге болу.