Менің алғашқы ұстазыма!

30.05.2011

25 мамыр, 2011 ж. Сәтпаев қ. — Қала әкімшілігі мен  Мәдениет сарайының алдындағы Орталық алаңда «Менің алғашқы ұстазыма» атты  символикалық атпен белгіленген авторлық  бау-бақша кешенінің салтанатты ашылу салтанаты өтті. Кешен оқу жылының аяқталуына орай Соңғы қоңырауға сәйкестендіріп ашылып отыр.

Орталық обьектісі орындық болып табылатын бау-бақшалы кешен қақтауға төзімді металдан безендірілу үлгісінде дайындалған. Бұл Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мен банктің құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Құс Жолы» Қоры мен Қазкоммерцбанктің «20 қайырымдылық шара» атты республикалық мерейтойлық  жобалары аясында Сәтпаев тұрғындарына тартуы болды.

Сәтпаев қаласында «Алғашқы ұстаз» орындығын орнату идеясы оңайтуған жоқ. Алғашқы ұстаздың адамдардың жас ерекшелігіне, кәсібіне қарамастан, әрқайсысының жүректерінің түкпірінен жылылық ұялататыны белгілі.   Ұйымдастырушылар осы мақсатпен  Сәтпаев қаласының барлық мұғалімдеріне өздерінің шынайы алғысын білдіріп отыр.  «Алғашқы ұстаз» орындығының тұсаукесеріне қаланың еңбек сіңірген мұғалімдерінің бәрі қатысты.  Символикалық ескерткішті ашу мүмкіндігіне де аяулы ұстаздарымыз ие болды.

«Бұл ерекше композиция қала өміріне, олардың тұрғындарына қамқорлық жасауда және өзге де ұйымдарға  өнеге бола алады», -деді өз сөзінде Сәтпаев қаласының әкімі Советбек Медебаев.

Аталған жоба аясында Қазкоммерцбанк пен қала әкімшілігі ортақ әріптестік туралы Меморандумға қол қой қойды.

«Біздің идеямызды қолдағаны үшін қала әкіміне деген алғысымыз шексіз. «Алғашқы ұстаз» орындығы ұстаздарымыз бен Сәтпаев қаласының бітірушілерінің ортақ кездесу алаңына айналады деп сенеміз»,– деп пікірін білдірді «Казкоммерцбанк» АҚ Жезқазған бөлімшесінің директоры Валентина Ким.

2011 жылы  Қазкомның бөлімшелері бар республикамыздың 20 қаласының тұрғындары ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және банк мерейтойына орай Қазкоммерцбанктің әртүрлі сыйлығына ие болады.  Бұрынырақта хабарлағанымыздай, мұндай сыйлықтарға Петропавл қаласы мен семейліктер ие болған еді. Петропавл қаласындағы Ж.Жабаев атындағы  алаңда отырғызылған  шырша аллеясы қала тұрғындарын ерекше нұрға бөлесе, Семей қаласындағы Қабылбаев көшесін жағалай Қаржаубай-ұлы көшесінен бастап, Дастеновке дейінгі аралықты алып жатқан шырша аллеясы да өз қуанышын сыйлап жатыр.