Өмірімізді мейірімді ету өз қолымызда

04.06.2013

2013 жылдың 31 мамырында Казкоммерцбанктің «Құс жолы» қайырымдылық қоры «Өміріміздің мейірімді әрі қайырымды болғанын өз қолымызбен жасай аламыз» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде қалыптасқан дәстүр бойынша банк қызметкерлерінің өз қолдарымен жасалған қуыршақтары, болмаса ойдан туындаған жұмыстары сатылымға түсіп, одан түскен қаражат Жолымбет балалар үйіне фортепиано сатып алуға жұмсалды.

Жолымбет балалар үйіндегі жеткіншектер музыканы, ән айқанды ұнатады екен, алайда, ескірген фортепианоның жартысынан артық клавиштары жоқ. Сол себепті, жәрмеңкеден түскен 220 000 теңге осы музыка аспабына жұмсалды.

Жәрмеңкеден тыс «Құс жолы» қоры Казкоммерцбанк қызметкерлерінің балалары, туыс балалары мен немерелері арасында «Туған үйім, туған өлкем» атты балалар суреттерінің байқауын өткізді. Банктің 20 филиалдары арасында өткізілген байқаудың қатысушылары мен дипломанттарына арналған Қордың сый-сияпаттарына бағытталған жобаның жалпы бюджеті 1 млн.теңгені құрады. Барлық туындылар Казкомның бас кеңсесінде көрме түрінде ұсынылды.

Әр суретті көрген сайын, балалардың менің туған үйім, туған өлкем дегенде ойларының әр-қилы әрі кеңдігін көріп таң қалдық. Өйткені кез-келген ересек адамның ойына еліміздің байтақ даласы, түрлі ғимараттар және мемлекеттік символдардың келетіні рас, ал балалар болса, мұны ерекше жеткізген. Олар суреттерінде өз үйіндегі терезесінен көретін көріністі, өз ауласын, достарын, туыстарын және т.б. бейнелеген.

Балалардың психологы мен суретшіден құралған әділ-қазылар алқасы туындылардың бағасын беруге қиналды. Банктің бас кеңсесі мен әр филиалдағы әділ-қазылар алқасының мүшелері түрлі номинациялар мен жүлделі орындардың жеңімпаздарын анықтап отырды.  Өз қиялдарын қағаз бетіне түсірген барлық жеткіншек сыйлық алып.