Өскеменде татулық пен келісім символы пайда болды

15.09.2014

2014 жылғы 12-ші қыркүйек, Өскемен қаласы – Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» корпоративті қайырымдылық қорының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ШҚО мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында Қазақстан халықтарының татулығы мен келісімді айқындайтын мүсіндік композицияның ашылу рәсімі өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының аумағында орналасқан композиция «Халықаралық  достығы — баға жетпес байлық» — «Дружба народов – бесценное богатство» атауына ие болды. Композициядағы ұлттық киімдегі екі бойжеткен Еуропа мен Азияның халықтарын, ал олардың ортасында орналасқан қызғалдақ гүлі татулық пен келісім символын суреттейді.

 Сәулетші, әрлеуші және мүсінші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі А.Д.Оразғалиевтің авторлық жұмысын орнату бастамасын, еліміздің барлық аймақтарында іс-жүзіне асырылып жатқан «Менің қалам үшін» — «Подарок городу» әлеуметтік жобасының аясында, Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» корпоративтік қоры қолдаған болатын.

Жоба, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің демалуға және денсаулығын сақтауға бағытталған, қоғамдық-маңызды бастамаларды қолдау мақсатында  қалалық әкімдіктердің қолдауымен іс-жүзіне асырылған.

Казком қоғам алдында өз жауапкершілігін түсіне отырып, қалалардың инфрақұрылымының дамуына елеулі үлесін қосу үшін  2014 жылы «Менің қалам үшін» жобасының жалпы бюджетін 18 млн теңгеге дейін өсіру тұрасында шешім қабылдады.

Өскемен қаласы әзірге, «Менің қалам үшін» жобасы іс-жүзіне асқан ең алғашқы қала болып отыр. Мұнда жобаның жалпы бюджеті 2 млн теңгені құрады.

Жыл соңына дейін, аталған жобаның аясында, көптеген қалаларда ойын және спорт алаңдарының салынуы, мүсіндік композициялардың орнатылуы мен саябақтарды көріктендіру жұмыстары жоспарлануда.