Өз қолымен жасаған қайырымдылық

04.06.2012

2012 жылдың маусым айының 1-ші жұлдызында Алматы қаласында «Қазкоммерцбанк» кеңсесінде (Әл-Фараби даңғылы 34) қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Әу-бастан бұл жәрмеңке банк қызметкерлерінің шығармашылық ойларын қайырымдылықтың жаңаша бағытына бұру керек болатын. Дәлірек айтсақ, банк қызметкерлерінің авторлық жұмыстарының сатылымынан түскен қаражаттарды «Құс Жолы» қайырымдылық қорының  «Дәрігер Аяз ата» жобасына жинастыру. Нәтижесінде тимбилдинг және фандрайзинг сияқты екі мақсатты ұштастырған бір іс-шара ұйымдастырылды.

Бәріміз бір нәрсемен айналысатынымыз белгілі: біреуіміз – айрықша безендіру сәнмен, екіншісіміз – жақсы энергиямен рух берсек, үшіншіміз – қолөнермен айналысамыз.

Кез келген туындының авторы танымал және аты шулы тұлға болғысы келуге тырысады. Ал егер осындай үй туындыларын қолмен безендірумен айналысатындардың көрмесін ұйымдастырсақ қалай болар екен? Бірақта кез келген көрменің өзіндік аталуы мен мақсаты болады. Банкте бұл көрмені қалай ұйымдастыруға болады? Өнер шеберлерін өз еңбектерін паш етуге қалай итермелеуге болады?

Осы жерде қайырымдылық тақырыбы өзінен өзі пайда болды. Аталмыш мерекені біріктіретін шараның бағытын қадағалау мүмкін. Бір ай бойы банктің қызметкерлері сурет салды, ою-өрнек тікті, ойындағысын іске асыру үшін барын салды. Маған өз шығармашылығыма баға беру қиын. Өйткені, сатылымнан түскен барлық ақша «Құс Жолы» қайырымдылық Қорына аударылу қажет. Бір жағынан, ақша көбірек төлесе екен дейсің (Қорға көбірек ақша кетсе), ал бір жағынан жұмысыңды сатып алу керек, ал ол екіталай нәрсе.

Аталмыш жәрмеңкенің қорытындысы бойынша «Құс Жолы» қайырымдылық Қорына 118 500 теңге аударылған. Бұл жәрмеңкеге Алматы қаласының, сондай-ақ басқа аймақтардағы филиалдардың да қызметкерлері қатысты. Банктің басшылары, қызметкерлері, сондай-ақ банктің бөлімшелеріне жұмыстармен келген клиенттер, Price Waterhouse Coopers кеңсесінің қызметкерлері де авторлық туындының сатылымына үлес қосты. Жәрмеңкені ұйымдастырушыларды авторлық жұмыстарлың жоғары сапада орындалғаны, түрлі заттардың дүниеге келуі таң қалдырды. Венециялық маскарадқа арналған бетперде, көңілге жағымды жұмсақ ойыншықтар немесе тігілген жастықтар – кеңсенің қабырғаларын сәндеп жіберді.

Дегенмен аталмыш жәрмеңке банктің қызметкерлері мен клиенттеріне жаңаша шығармашылық стимул беріп, өз қолдарымен қайырымдылық жасауларына үлес қосты деген ойдамыз!