Павлодардағы мәңгілік махаббаттың символы

20.12.2011

8 желтоқсан 2011 ж., Павлодар – Павлодар қаласының орталығындағы жаңа саябақта болаттан жасалған «Мәңгілік махаббат» композициясының ашылу рәсімі болып өтті. Аталған композиция «Құс Жолы» қайырымдылық қоры мен Қазкоммерцбанктің Павлодар қаласы мен оның тұрғындарына жасаған сыйы.

«Мәңгілік махаббат» мүсіндік композициясы биіктігі 2,5 м. құрайтын дарбазадан, ал оның негізгі элементі күнге ұмтылған қос тырнадан құралған. Тырна денсаулық, ұзақ ғұмыр мен махаббаттың белгісі болса, қос тырна берік махаббаттың символы болып есептеледі. Ал мүсіндік композиция орналасқан саябақ халық арасында махаббат саябағы болып аталып кетті.

Аталған композицияға «Құс Жолы» қоры 1 млн. теңге көлемінде бюджет бөлген болатын. «Мәңгілік махаббат» композициясы – Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорының «20 игі шара» республикалық акцияның шеңберінде жүзеге асырып жатқан 15 жобасы. Аталған акция ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және банктің 20 туған күніне арналған шара.

«Аталған жобаны жүзеге асыру барысында Қазкоммерцбанк пен қала әкімдігінің арасында меморандумға қол қойылды. Бүгін біз сәтті серіктестіктің нәтижесін өз көзімізбен көріп тұрмыз. Енді «Мәңгілік махаббат» композициясы қала тұрғындарын қуантып, саябақты ажарландырып қана қоймай, сондай-ақ қаламыздың тағы бір символына айналады», — деді Павлодар қ. әкімі Оразгелді Қайыргелдинов.

«Қазкоммерцбанктің Павлодар филиалы мен қала әкімдігінің арасындағы жақсы қатынастың арқасында қаламыздың тұрғындарына осындай сый жасай алдық. Мүсіннің идеясын, дизайнерлік шешімін, дарбазаның орналасуын біз бірігіп шештік», — деді Қазкоммерцбанктің Павлодар филиалының директоры Берік Шапатов.

Қазақстанның он төрт қаласының тұрғындары Казком мен «Құс Жолы» қайырымдылық қорынан өз сыйлықтарын алды. Олар: Петропавл, Семей, Сәтбаев, Өскемен, Балхаш, Тараз, Степногорск, Жезқазған, Орал және Теміртау, Ақтау, Атырау, Астана және Алматы.
Ертеректе хабарлағандай, Петропавлдағы Ж.Жабаев атындағы алаңда және Семейдегі Қаржаубайұлы көшесінен бастап, Дастенов көшесіне дейін (Қабылбаев көшесінің бойы) қала тұрғындарын шыршалар аллеясы, ал Сәтпаев қаласындағы декоративті «Алғашқы ұстазыма» орындықтары қуантуда. Халықаралық балалар күніне Өскемен, Жезқазған және Балхаш бүлдіршіндері көптен күткен балалар ойын алаңына қол жеткізді. Таразда «Алғыс кітабы» болса, Степногорск қаласында ендігі барлық қалалық салтанатты шаралар жаңа сахналық әмбебап тұғырда өтеді. Орал қаласының орталығын «Домбыра» мүсіндік композицияны көріктендіруде. Ал Теміртау қаласында Қазақстандағы алғашқы күн сағатының композициясы жасалынды. «Аққу адалдығы» композициясы Ақтау тұрғындарына мәңгілік сезім — махаббат туралы еске салып тұрады. Астана қаласының Орынбор көшесінің бойында 20 көшет ағаш отырғызылса, Атыраудың бас алаңында «Нөлдік километр» ескерткіші қойылды. Ал Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның ғимаратында қалалық куранттар іске қосылды.