«Радуга» бал бишілер студиясы бишілерінің жеңісі, 2008 жол жүру гранттарының иегерлері

29.12.2008

«Веспремдық ойындар -2008» 10-шы Халықаралық балалар фестивалінің (Венгрия) қола статуэткасы — Қазақстанда!
Еуропада әзірге аты шықпаған қазақстандық «Радуга» студиясы бишілерінің көрсеткен өнері Венгрия фестивалін таң қалдырды.

20-дан астам мемлекеттен келген 300-ге жуық үміткер қазақстандық балалардың жеңісті сәтіне куәгер болды, өйткені, «Радуга» 3-орынды жеңіп алып қана қоймай, қола және фарфор статуэткаларына да ие болды.

«Радуга» бал бишілер тобы «Веспремдық ойындар – 2008» Халықаралық балалар байқауы — фестиваліне 2004 жылдан бастап «Құс Жолы» қоры қолдау көрсетіп келе жатқан Жол жүру бағдарламасы аясында қатысуға мүмкіндік алды.

Шығармашылық топтың бишілері Илья (10 жас), Дидар (9 жас), Роман (11 жас) және Мәрия (11 жас). Олармен бірге шығармашылық топтың жетекшісі Валентина Васильевна Евсеева да барды.

«Ұйымдастырушылар өте жақсы, әрі сыпайы жандар екен. Венгриядағы Қазақстанның елшісі де бізді жылы қабылдады. Байқауға қатысушылардың кәсіби дайындықтары мықты болды. Біздің қойылымымызды әртүрлі мемлекеттен келген үміткерлеріміздің тамашалағаны бізді қуантты. Кейбіреулер жақын келіп танысып жатты, тіпті келесі байқауларға да шақырды. Сіздерге рахмет!»- деп қуаныштарымен бөлісті байқауға қатысып қайтқан жас дарындар.

«Шығыс Еуропадағы балалардың шығармашылық деңгейі аса жоғары емес, алайда мемлекеттер шығармашылық ұйымдарға және шығармашылық ұжымдарға барынша қолдау көрсетіп келеді. Бұл қолдау олардың өзге мемлекеттердегі әріптестерімен байланыс жасауға көмек болады, әрі маңызды шығармашылық байқаулар туралы ақпарат алуға және қатысуға мүмкіндік береді.

Біздер мемлекет тарапынан қолдау көрмесек те, қазақстандық оқытушылар балалардың оқуын жалғастырып келеді және олардың шығармашылық байқауларға қатысуларына қаржы тауып беруге тырысып жүр.

Егер «Құс Жолы» қоры болмаса біздің жас дарынды бишілеріміз Халықаралық балалар байқауына қатыса алмай, бәйгелі орынға қол жеткізе алмас еді!» — деп алғысын білдіреді «Радуга» шығармашылық ұжымының жетекшісі Валентина Васильевна.

Байқаудан соң «Радуга» ұжымы Венгрияда өткен 2 қайырымдылық концертке қатысып қайтты.