Сәбилердің періштесі болып, оларды жебей жүр

13.01.2016

2016 жылғы 13 қаңтар, Алматы қ. — Күн сайын елімізде өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап шұғыл көмекке зәру нәрестелер дүние есігін ашады. Сондықтан ол шақалақтарды жебеп жүретін сіз сияқты періштелер қажет.

Балалар суретімен әрленген халықаралық Visa төлем картасын таңдау арқылы, сіз автоматты түрде «Періште» атты қайырымдылық жобасына қатысасыз. Аталған жобаға қатысу арқылы Қазақстанда ана мен бала өлімін азайтуға өз үлесіңізді қосасыз.

Естеріңізге сала кетейік, сауда мен қызмет көрсету орындарында бұл картамен жасаған әр төлеміңіздің 0,15 % «Періште» жобасының шотына аударылады. Ал сосын бұл қаражатқа Қазақстан өңірлерінде орналасқан ауруханалардың жан сақтау бөлімдеріне қажетті құрал-жабдықтар сатып алынады.