Шала туылған нәрестелердің көз жанарын сақтап қалайық

30.11.2015

Үстіміздегі жылы «Құс Жолы» қайырымыдылық қоры еліміздің төрт перинаталдық орталықтарына (Шымкент, Қарағанды, Атырау және Павлодар қ.), офтальмологиялық лазерді сыйға тартқан болатын. Айта кетейік, аталған лазер ретинопатия ауруына шалдыққан шақалақтардың көздеріне ота жасау үшін керек. Ал бір жыл бұрын осындай лазерлер Алматы, Астана және Өскемен қалаларындағы перзентханаларға қойылды.
Тағы бір жаңалық, лазермен емдеудің ерекшеліктерін ескере отырып, көз аурулары ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) Павлодар қ. офтальмолог пен неонатолог дәрігерлері үшін жаңа құрылғыны қолдану турасында мастер-класс та өткізді.

Негізі, ретинопатия ауруы шала туылған балаларда кездеседі. Өйткені олар көздерінің қан тамырлары жеткілікті дәрежеде дамымай дүниеге есігін ашады. Бір өкініштісі, соңғы жылдары Қазақстанда осы дертке шалдыққан сәбилердің саны артуда.

Көз аурулары ҒЗИ мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын елімізде 20 мыңнан астам сәби мерзімінен ерте туылады. Ал олардың шамамен 40% ретинопатия диагнозы қойылады (бұл шамамен 8 мың шақалақ). Өкінішке қарай, шала туылған сәбилердің көз торы уақытылы диагностикадан өткізілмей, керек болған жағдайда шұғыл ота жасалмаса, сәби көз жанарынан айырылады. Сәбидің халі ауыр болған жағдайда, балаға көмек 24-72 сағат ішінде көрсетілуі шарт. Алайда уақытты өткізіп алса, шақалаққа көмектесу мүмкін емес.

Ретинопатия ауруын шұғыл түрде емдеу мақсатында 2015 жылы офтальмологиялық лазерлер Павлодар, Атырау, Қарағандыдағы перинаталдық орталықтары мен Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына орнатылған еді. Ал өткен жылы Алматы, Астана және Өскемен қалалары алған болатын. Офтальмолог дәрігерлер лазермен жұмыс істеу үшін арнайы оқудан да өтті. Нәтижесінде, екі жыл ішінде «Құс Жолы» қайырымдылық қоры балалар медициналық мекемесіне 7 офтальмологиялық лазерді сыйға тартты.

«Сәбилердің денсаулығы мен көз жанарын сақтап қалу үшін қолымыздан келгенін істеп жатырмыз. Біздің орталықта жоғары дәрежелі офтальмолог маман ғана емес, енді офтальмологиялық лазер де бар. Енді біз, сәбилерімізге осы жерде-ақ шұғыл емдеу шараларын көрсете аламыз», — деді Павлодар қ. «№1 Перинаталдық орталығының» бас дәрігері Айман Оспанова.
Павлодар қ. офтальмологтарының мәліметтеріне сәйкес, тек 2012-2015 жылдар аралығында 50 астам балаға шұғыл ота жасау үшін Астана мен Алматы қалаларына жеткізілген еді. Алайда Павлодардағы №1 перинаталдық орталығына офтальмологиялық лазер қойған күннен бері аталған мекемеде мерзімінен ерте туылған 12 нәрестеге лазерлік ота жасалып үлгерді.

«Періште» жобасының соңғы екі жылының ішінде біз еліміздегі 7 перинаталдық орталығына лазер құрылғыларын қойған болатынбыз. Үстіміздегі жылы аталған жоба туған Павлодар қаласына да келгені қуантады. Әрине, бұл бірінші кезекте балалар суретімен әрленген VISA картасын ұстанушы Казком клиенттерінің арқасында жүзеге асты. Айта кететін жайт, бұл Қазақстандағы жалғыз қайырымдылық функциясы бар карта. Өйткені әр транзакция сомасының 0,15% «Періште» жобасының шотына аударылады. Ал өмір сүріп жатқан қоғамымыздың дамуына өз үлесімізді қосу, біз үшін өте маңызды, — деді Сабина Сабырханова, «Қазкоммерцбанк» АҚ Павлодар филиалы директорының орынбасары.

Ертеректе «Құс Жолы» қайырымдылық қоры «Періште» жобасының шеңберінде Астана, Алматы, Өскемен қалаларына жалпы сомасы шамамен 33 млн теңгені құрайтын үш лазерді орнатқан болатын. 2015 жылы офтальмологиялық лазер Шымкент, Қарағанды, Атырау және Павлодар қалаларындағы төрт орталыққа жалпы сомасы 27,3 млн теңгеге сатып алынған еді.

«Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» қорына алғысымыз шексіз. Өйткені енді біз мерзімінен ерте туылған балаларға көмектесе аламыз. Ал дені сау сәби әр отбасының ғана емес, бүкіл мемлекеттің ауызбіршілігі мен жетістігінің көрінісі», — деді Әсел Шарипова, м.ғ.к., Алматы қ. көз ауруларын ҒЗИ-дің офтальмолог маманы, «ҚР шала туылған нәрестелердің ретинопатиясы» проблематикасының кураторы.

2014-2015 жылдары «Періште» жобасының шеңберінде еліміздегі перинаталдық орталықтарына 7 лазерлік құрылғыны сатып алуға 60,3 млн теңге жұмсалған болатын.

30 қараша 2015 жыл