Шымкент қаласының дендрологиялық саябағында денсаулықты нығайтамыз

27.11.2014

2014 жылғы 27-ші қараша, Шымкент қ.  — Қазкоммерцбанк пен «Құсы Жолы» қайырымдылық қоры «Менің қала үшін» әлеуметтік жобаның аясында Мемлекеттік дендрологиялық саябақтың аумағында қажетті тренажерлары бар жаңа спорттық алаңды жабдықтады.

Енді шымкенттіктер таза ауада фитнеспен тегін жаттығуға мүмкіндікке ие болды. Түрлі бұлшықеттерді жаттықтыру үшін арналған қажетті кешенде 10 тренажер бар. Сонымен қоса, аталған саябақ Шымкент қаласындағы серуендеуге, жаттығуға арналған танымал орын болып табылады.

Жоба, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің демалуға және денсаулығын сақтауға бағытталған, қоғамдық-маңызды бастамаларды қолдау мақсатында  қалалық әкімдіктердің қолдауымен іс-жүзіне асырылуда.

Казком қоғам алдында өз жауапкершілігін түсіне отырып, қалалардың инфрақұрылымдарының дамуына елеулі үлесін қосу үшін  2014 жылы «Менің қалам үшін» жобасының жалпы бюджетін 18 млн теңгеге дейін өсіру тұрасында шешім қабылдады.

Жоба аясында осы сынды спорттық және балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтар Қарағанды, Теміртау, Петропавл және Балқаш қалаларында орнатылды, ал Өскемен қаласының мұражай-қорығында және Сатпаев қаласындағы Таукеншілер алаңында мүсіндік композициялар орын алды. Семей қаласының тұрғындары да өз сыйлығын күтуде.