ЮНИСЕФ пен Қазкоммерцбанктің бірлескен жобасы

08.11.2012

2012 жылғы, 5 қараша, Астана. – БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, «Құс Жолы» қайырымдылық қорымен серіктесіп Қазкоммерцбанк қаржылық қолдауымен 3 жасқа дейінгі балалардың дені сау болуын және өмірінің салауатты басталуын қамтамасыз ету жөніндегі қайырымдылық жобасын жүзеге асыруын бастайды.

Жоба мақсаты нәрестелер өлім-жітімін төмендету және мектеп жасына дейінгі балалар өмірінің салауатты басталуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл шара Шығыс Қазақстан облысында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылады және шамамен 3 жасқа дейінгі 5 000 бала мен олардың 10 000 жуық ата-аналарын қамтитын болады. Статистика мәліметі бойынша, халқы барынша тығыз орналасқан бұл аумақта балалар мен ана өлімінің көрсеткіші де өте жоғары.

Денсаулық сақтау министрлігінің берген бағасы бойынша, Қазақстанда нәрестелер өлім-жітімі 1000 аман туған нәрестеге 16,9%, ал ана өлімі – 100 000 аман-есен босанатын анаға 22,9% құрап отыр (2010 жылғы мәлімет), бұл жан басына шаққанда ЖІӨ дәл сондай Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен салыстырғанда 18 % артық.

Баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі  Эрик Байжүнісов: «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнес әлеуметтік-бағдарлы болуы тиіс деген, сондықтан бүгінгі таңда алғаш болып бизнес өкілі, еліміздің ең ірі банкі біздің балаларымызға көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсарту сияқты қоғамдық маңызы зор жобаға қосылғаны қуантарлық жайт», – деп атап өтті өз сөзінде

Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Джун Кукитаның айтуы бойынша: «Қазақстанның барлық балаларының жарқын және бақыты болашағын қамтамасыз ету үшін біз ЮНИСЕФ, Денсаулық сақтау министрлігі, Қазкоммерцбанк және «Құс Жолы» қайырымдылық қорының ортақ күшімен жоғары білікті босанар алдындағы және неонаталдық күтімнің тұрақты үлгісін құра аламыз».

Қазкоммерцбанк ұсынған қаражаттан жыл бойына 16 млн. теңгеге жуық ақша Шығыс Қазақстан облысының әйелдерге кеңес беру орындарына, перзентханаларына және емханаларына денсаулық сақтау саласының жұмыскерлері мен аналарды босанар алдындағы, босану патронтажы мен 3 жасқа дейінгі баларға күтім жасауға үйретуге жұмсалады. Сонымен бірге, жоба аясында перзентханаларды тиісті жабдықпен, баларға күтім көрсету үшін қажеті материалдармен жарақтау көзделген. Сондай-ақ, тегін таратуға: «ДДҰ (ВОЗ)/ЮНИСЕФ ұсынымы негізінде болашақ аналарға арналған нұсқаулық», «Күтім көрсету жөнінде, жарақаттану мен уланудың алдын алу бойынша кеңестері, кіші жастағы балаларға күтім көрсету және тамақ беру жөніндегі материалдары бар баланың жетілу күнтізбесі», «Кіші жастағы балалардың жетілуі мен дамуының мониторингі бойынша таблицалар мен кестелер» және т.б. акушер-гинекологтарға, акушерлерге, неонатологтарға, педиатрларға арналған әдістемелік құралдары басып шығарылатын болады.

Жоба нәтижесіне қорытынды жасалады және Қазақстан нәрестелер өлім-жітімі бойынша табысы орташа елдердің деңгейіне жету мақсатында, бұл тәжірибені еліміздің басқа да аймақтарында әрі қарай қолдану үшін ҚР үкіметіне ұсынылады.

Қазкоммерцбанк үшін бұл жоба балалар денсаулығын сақтау саласындағы өзіндік қайырымдылық бағдарламаларының заңды жалғасы болып табылады. Соңғы жылдар ішінде банк «Құс Жолы» қайырымдылық қорымен бірлесіп ауылдық және аудандық ауруханалардың үш босану бөлімшелерін реанимациялық жабдығымен жарақтады. Сөйтіп, Балқаш қаласында жабдықты орнатқан уақыттан бері жаңа туған нәрестелердің ерте неонаталдық шетінеп кетуі 83,6% төмендеді, ал жаңа туған нәрестелердің аман қалуы 2011 жылғы 81,3% көрсеткіштен 2012 жылы 90,8% артты.

«Біздің бастамаларымызды Денсаулық сақтау министрлігі және жаңа жобаға қатысуға шақырған ЮНИСЕФ Халықаралық балалар қоры құптағанына өте қуаныштымыз. Балалар өмірінің салауатты басталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық бағдарламаның бір бөлігі болуы біз үшін өте үлкен жауапкершілік. Біздің көрсеткен қолдауымыз өті тиімді болатынына сеніміміз мол», – деді өз сөзінде Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры, «Құс Жолы» қорының президенті Мағжан Әуезов.

«Құс жолы» қайырымдылық қоры 2004 жылы Қазкоммерцбанктің топ-менеджерлерінің бастамасымен  корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясын арттыру мақсатында құрылған болатын. Қор бюджеті таза пайдадан бөлінген қаражаттан, сондай-ақ банк қызметкерлерінің, серіктестерінің және клиенттерінің ерікті қайырымдылық көмектерінен құралады. Қордың өзіндік қайырымдылық стратегиясы және оны жүзеге асыру принциптері бар. Қазкоммерцбанк Қор жобаларын республика бойынша өз филиалдары арқылы жүзеге асырады. «Құс жолы» қоры Қазкоммерцбанк пен оның клиенттерімен бірлесіп ауылдық және аудандық ауруханалардың босану бөлімшелерін жабдықтау жөніндегі «Періште» жобасын жүзеге асырады. Қаражаттың бір бөлігі Казкомның арнайы төлем карталарын сатудан түседі.

Біріккен Ұлттар Ұйым Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр баланың құқығы жүзеге асырылатын бейбітшілік құру ісіндегі жетекші ұйым болып табылады. ЮНИСЕФ әлемнің 190 елінде қызмет жасайды және дүниежүзілік бедел мен жауапкершілікке ие, соның арқасында шешім қабылдайтын тұлғаларға ықпал ете алады. ЮНИСЕФ атқарушылық деңгейдегі көптеген серіктестермен жұмыс жасайды, олардың көмегімен жаңашыл идеяларды нақты іске асырады. ЮНИСЕФ 1994 жылдан бері Қазақстан үкіметіне әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, тамақтандыру, білім беру және ВИЧ/СПИД сияқты салаларында қолдау көрсетеді.

ЮНИСЕФ ҚР үкіметіне неонаталдық күтімді жақсарту, кіші жастағы балалардың жетілуін алға тарту және ата-ана күтімін жақсарту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, мүмкіндігі шектеулі балалардың ел бойынша стигматикалануын оқшаулау және барынша азайту жөніндегі бағдарламалар сияқты маңызды салаларда жәрдемдеседі.

«Казкоммерцбанк» АҚ Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банк активтері 2012 жылғы 30 маусымда 2 539,3 млрд. теңгені құрады. Банктің ірі қатысушылары: «Орталық-Азиялық инвестициялық компания» АҚ, Н.С. Субханбердин мырза, «Alnair Capital Holding» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі. Қазкоммерцбанк 2005 жылы Қазақстан компанияларының арасынан бірінші болып БҰҰ-ның Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі туралы Жаһандық шартына қосылды. Банк жыл сайын қайрымдылық және әлеуметтік жобаларға шамамен 100 млн. теңге бөледі.

Байланыс құралдары:

Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігі

Қор өкілі – Джун Кукита
е-mail: mbeisenova@unicef.org
тел: +7 (7172) 326206, 322864, 322878.
факс: +7 (7172) 321803.

«Құс жолы» қайырымдылық қоры» ҚҚ:

Атқарушы директоры – Шынар Жәнібекова
e-mail: ShZhanibekova@kkb.kz
тел: +7 (727) 258-51-05, вн.57074.
факс: 330-00-46