Жеңіс күнімен, қымбатты ардагерлер!

13.05.2013

Казкоммерцбанк қызметкерлері, «Құс жолы» қайырымдылық қорының еріктілері Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күні мерекесі аясында Қазақстан бойынша 1200 ден аса Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін құттықтады.

1000 ден аса адам — Отан Соғысының ардагерлері, еңбек майданына қатысқан еңбеккерлер мен сол кезде жасы кәмелетке толмаған концлагерьлердің тұтқыны болған азаматтар өздернің депозиттік шотына Казкоммерцбанктен қаржылай 6,5 млн. теңге көлемінде сыйақы алды.

Өз кезегінде Казкоммерцбанктің бас кеңсесі мен Алматы филиалының қызметкерлері өз еркінімен әрі өздерінің жеке қаражаттарынан Алматы қаласының Бостандық, Медеу және Әуезов аудандарының ҰОС мен еңбек майданына қатысқан қазіргі кезде төсек тартып жатқан және жалғыз басты 221 ардагерді құттықтады.

Сондай-ақ, аймақтағы банк қызметкерлері қалыптасқан дәстүр бойынша 2005 жылы Алматы қаласында Жеңіс шеруіне қатысқан қамқорлыққа алынған 38 ардагерге гүл сыйлап, қаржылай сыйақы берді.

Сіздердің назарларыңызға, Қазақстанның әр қалаларында ардагерлерді құттықтау кезінде еріктілердің алған әсерлерін ұсынамыз.

Алматы, жұртшылықпен байланыс департаменті

Екі ай бойы бомбалауға ұшыраған госпитальда…

Соғыс басталған уақытында Вожжова Ефросинья Родионовна не бәрі 14 жаста болатын. Ол өзінің әпкесі және оның отбасымен Курск облысы Новое Кладовое селосында тұрған болатын (қазір — Белгород обл.).

Немістердің басқыншылығы басталғанда олар сол кезде Жуково селосында тұрған анасына көшіп барады. Селода кішкентай қыз окоптарды қазды, кейінен бұрынғы ауыл кеңесінің ғимаратында орналасқан №17-ші майдандық госпиталінде қызмет атқарды. Екі ай бойы госпитальда тынымсыз еңбек етті: асты таратты, санитарка болды, еден жуып, науқастарды күтті. «Сол кезде село қатты бомбыланды, тіпті үйден шыға алмайтынбыз», — дейді Ефросинья Родионовна.

Кейін Ескі Осколдағы тау-кен техникумына түсіп, әскері қызметшіге тұрмысқа шықты. 17 жыл бойы Орта Азия аймағында көшіп-қонып жүрді: Чарджоуда, Ошта, Ашхабадта және т.б жерлерде, ең соңында Алма-Атада қоңыстанды.

Ұзақ еңбек жылдары Ефросинья Родионовна зауытта маркшейдер, балабақшада тәрбиеші, «Туркменнефтеразведка» да – қорларды есептеу бойынша жоғарғы инженер болып, әскері комиссариатта, темір фурнитуралар шығаратын зауытта қызмет атқарды.

Бүгінгі күні Ефросинья Родионовна 85 жаста (алайда әлемге, адамдарға деген мейірімге толы әже әлі де жас көрінеді). Ол 51 жыл бойы жанжарымен тұрып келді (сөзінде барлық адаммен тура алатынын айтады), 3 қыз тәрбиелеп, 9 немере және 3 шөбересі бар.

Соғыс кезінде қалай өмір сүріп, қалай тамақтанғаны туралы Ефросинья Родионовнаның есінде жоқ. Қазір жақсы тұрады, балалары мен немерелерінің қызықтары мен қайғысына ортақтасып, қолынан келгенше көмектесіп келеді.

Қызылорда

Бүгінде ақсақал таң атысымен дене шынықтырып жатыр…

Жылдан жылға майдангерлер азаюда. Бүгінде Қызылорда облысында 64 ҰОС ардагері бар.

Қызылордалық Тәнеш Оразов Ұлы Отан Соғысының барлық қасіретін басынан өткерді. Биыл майдангер 90 жасқа толып отыр. Тәнеш аға 1923 жылдың 23 ақпанында Қызылорда облсының Тереңөзек поселкісіне жақын орналасқан Далакөл ауылында дүниеге келген. Ол 7 жылдық мектепті бітіріп, жақсы білім алды деуге болады. Кейін Қызылорда педагогикалық училищесіне түсті. Бұл уақытта мұғалім мамандығы өте беделді әрі сұранысқа ие жақсы мамандық болатын, алайда жас жігіттің арманы орындалмады, соғыс басталып кетті. Ол, өзінің замандастарымен 18 жасында Отан қорғауға аттануға мәжбүр болды. Соғыс кезінде көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірген: аштық, суықтық және т.б. Қазір сол уақыттан қалғаны естеліктер ғана. Бейбітшілік уақытында Тәнеш аға Мәскеуде жоғарғы кооперативтік мектепте дәріс алып, тұтынушы корпорациялардың жүйесінде, мемлекеттік саудада, Қызылорда облыстық тұтынушы одағында төраға қызметтерін атқарды. Қазірдің өзінде ақсақал барынша өз денсаулығын күтеді, темекі шекпейді, таңертең дене шықтырады, сүтке пісірілген күріш ботқасын ұнатады. Ол, көптеген мемлекеттік наградалардың, соның ішінде «Құрмет» орденінің иегері. Бірақ, солардың ішінде «Сталинградты қорғау», «Ерлік үшін» медальдары қария үшін өте қымбат. Қызылорданың ең ұзын даңғылы, Жібек жолында, Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің суреттері бейнеленген билбордтар орналасқан. Мұнда Сталинградты азат ету қақтығысына қатысқан Тәнеш Оразовтың да суреті бар.

Өмір тауқыметі таланттың ашылуына әрі дамуына көмектесті

Келесі ардагер — Шайхислам Серікбайұлы – ҚР журналистер одағының мүшесі, «Иман» республикалық қоры сыйлығының иегері, ҚР құрметті теміржолшысы және мәдениет қайраткері. Шәйхислам аға өз еңбек жолын ерте бастады. Соғыс кезінде Қазалының теміржол стансасында қызмет етіп, суықтық пен аштықты бастан кешірді. Бірақ сол өмір тауқыметтері ағаның бойындағы таланттың ашылуына және оның дамуына өз септігін тигізді. Көптеген уақыттар бойы публицистикалық материалдар мен кітаптардың авторы БАҚ, теміржол ұйымдардында жұмыс істеп, талапшыл әрі ұстанымпаз қызметкер болды. Қашанда қасындағы адамдарға көп көңіл бөліп, қамқорлығын аямайтын.

«Таңдаулылар» («Избранные») иллюстрациялық жинақта жазушының орыс тілінде жазған ең танымал еңбектері кірген. Онда ол жалпақ әрі түсінікті тілде қасиетті Сыр өңірінің еңбекшілері, Арал жайында, танымал қызылордалықтардың өмірілік жолдарын суреттейді.

Бұл екі кездесуіміз өте сәтті болды. Өмірді бастан кешірген адамдармен дидарласудың өзі ғанибет. Бұл өмірде олар біздің көңіл бөлгенімізге ғана зәру! – дейді Казкоммерцбанктің Кызылорда облыстық филиалы маркетинг бөлімінің бас маманы Шолпан Баимбетова.

Орал

Әжейдің алтын қолдары

Орал филиалының қызметкерлері «Бейбітшілікте өмір сүру құқығын бергені үшін алғыс айтамыз» жобасының қатысушысы, ардақты ардагер Сүйіншалиев Халам Жұмашұлын мерекемен құттықтады.

-Міне, осымен үшінші жыл қатарынан ардагер бізді өз әжесімен ерекше ықыласпен қарсы алуда,- деп жазып жіберіпті Орал филиалының маркетологы Марина Сластина. –Оны ұмытпай, жылдай құттықтап келетінімізге ардагердің қуанышы шексіз. Оның әжесі қашанда бізді өз қолымен дайындаған тәтті тағамдарымен күтеді. Көктемінің шуақты күндерінде туғанындай болып кеткен адамға қуаныш сыйлаудың өзі тек ардагер үшін ғана емес, банктің қызметкерлері үшін де үлкен ғанибет. Мейірімге толы жандардың әңгімесін ұзағынан тыңдап отыра бергін келеді.

Барлық ардагерлерге шын жүректен денсаулық, отбасы амандығын және бейбітшілік тілейміз.

Ақтөбе

Әр жерден соғыс кезінде бірге болған жолдастарымен түскен суреттерді көресін…

Казкоммерцбанктің Ақтөбе филиалының еріктілері Олеся Андралович пен Назгүл Мырзабаева Мұса Алданиязовты жұбайымен құттықтады.

— Денсаулықтарының сыр бергеніне қарамастан бізді сондай куанышпен қарсы алған ардагер мен оның жұбайының көңіл күйлері бізді ерекше толғандырды.

Мұса ағаның пәтері өткенді бейнелейтін түрлі суреттерге толы: соғыс кезінде бірге болған жолдастары, ҚР Президенті оған награда мараппатау сәтінде түскен суреті, отбасылық суреттер…

Отағасының куанышы шексіз болды, біз біраз отырып, өмір, денсаулық жайында әңгімелесіп, әкімшілікте болатын мерекелік шараға асығып отырған Мұса Алданиязовты апарып қойдық.

Алматы, Ішкі аудит қызметі

Барлығымыз тортпен бірге шәй іштік…

Банктің бас кеңсесінде орналасқан ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Айжан Балмухамедова мен Нұрлан Көштібаев Комков Константин Ефремовичті мерекемен құттықтауға келгенде, үйдің есігін оны күтіп жүрген қызы ашты. Константин Ефремовичтің қызы бізге ерекше ықыласпен дастархан жайып, шәй ұсынды. Ардагер болса, банк қызметкерлеріне соғыс кезінде бастан кешкендері жайлы әңгімелеп берді. Бүгінде құрметті ардагер 91 келді. Соғысқа ақсақал 1941 жылы оқу бітіре салысымен аттанған екен. Солы жылдың соңына дейін Тбилисиде әскері дайындықта болып, Кавказ тауларында, Белорус әскерінде, Чехословакияны азат ету қақтығысына қатысқан. Конутзияға ұшырап, аяғы жарақаттанған.

Шымкент

Ізгі ниеттерін үшін алғысымды білдіремін!

91 жасқа толған Ұлы Отан Соғысының ардагері Исламов Сафьян Насиповичті Шымкент филиалының еріктілері құттықтады.

— Әрине жылдан жылға ардагеріміз қартайып барады. Қазір ол өте нашар қимылдап, әлсін сөйлейді. Әңгімені оны күтіп жүрген қызы жүргізді. Ол ардагерді ұмытпай, оны аса құрметтеп құттықтап келіп тұрғанымызға қуанышты екенін айта кетті.

«Мейірім мен ізгі ниеттерің үшін көп рахмет!» — деп Сафьян Насиповичтің қызы көзіне жас алды.

Менің алған әсерлерім жайлы айтар болсам, — дейді еріктінің бірі Камиля Тажиева, — біз үшін өмірлерін қиып, жанкешті ерліктері тірі аңызға айналған ҰОС ардагерлері жылдан жылға азайып барады. Міне осындай батырларды қазіргі жас ұрпақ еске түсіріп, құрметтемейтіні өкінішті-ақ. Біздің бойымыздан ұмытылып жатқан сезімдерді оятқаныңыз үшін сіздерге мың алғыс ардақты ардагерлер!