Жезқазғанда шексіз сүйспеншіліктің символы пайда болды

19.09.2014

2014 жылғы 19-шы қыркүйек, Жезқазған қ. – Қаланың 60 жылдық мерейтойына орай Алғашқы құрылысшыларға арналған орталық алаңында неке қию сарайының алдында шексіз махаббат пен сенімнің символы болып табылатын «Аққұлар» мүсіндік композицияның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Кіші-гірім архитектуралық мүсінді «Менің қалам үшін» әлеуметтік жобаның аясында Қазкоммерцбанк пен «Құс Жолы» корпоративті қайырымдылық қоры қолдады. 

Жоба, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің демалуға және денсаулығын сақтауға бағытталған, қоғамдық-маңызды бастамаларды қолдау мақсатында  қалалық әкімдіктердің қолдауымен іс-жүзіне асырылуда.

Казком қоғам алдында өз жауапкершілігін түсіне отырып, қалалардың инфрақұрылымдарының дамуына елеулі үлесін қосу үшін  2014 жылы «Менің қалам үшін» жобасының жалпы бюджетін 18 млн теңгеге дейін өсіру тұрасында шешім қабылдады.

Жоба аясында мұндай мүсіндік композициялар Өскемен қаласының мұражай-қорығында және Сатпаев қаласындағы Таукеншілер алаңында орналастырылды.

Жыл соңына дейін, аталған жобаның аясында, көптеген қалаларда ойын және спорт алаңдарының салынуы, мүсіндік композициялардың орнатылуы мен саябақтарды көріктендіру жұмыстары жоспарлануда.