Жинақталған қаражаттың есебі

09.07.2013

Құрметті достар!

Казкоммерцбанктің Homebank қаржы порталы арқылы 2013 жылдың 1-ші және 5-ші шілде аралығында жасаған қайырымдылықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздер көрсеткен мейірімділік пен рақымдылықтың арқасында «Құс Жолы» қайырымдылық қорының арнайы шотында 4 683 415, 96 теңге жинақталды.  Тағы бір компания Александр Горюновтың жанұясына қол ұшын созып, «Құс Жолы» қорының арнайы шотына 200 000 теңгені аударды. Барлық қаражат бүгін, 2013 жылдың 9-шы шілдесінде қайтыс болған бензовоз жүргізушісі Александр Горюновтың  жұбайының банктік шотына аударылды.

Наталья Горюнова оның өміріндегі қайғылы жағдайда, оған бейтаныс адамдардың қол ұшын беріп, қолдағаны үшін шексіз ризашылығын білдірді. Тіпті ол өзі жазған қол хатында Казкоммерцбанк клиенттеріне ізгі тілектер мен алғыстарын жазды.