«Жұлдыздарға қара» жобасының І кезеңінің жеңімпаздары анықталды (2015)

28.08.2015

Үстіміздегі жылы 50 жуық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер «Жұлдыздырға қара» — «Посмотри на звезды» жобасының І кезеңінде бөлінген гранттардың иегерлері атанды. Алматыда өз бизнесін дамытуға грант алғандар – Антон Благушин және Елена Грудзинская.

Антон түрлі үлгідегі принттердің бояуларын (картридж) құюмен айналысады. Келешекте ұсынатын қызмет түрлерін көбейткісі келеді. Мәселен, веб-сайттар жасау, визитка басып шығару, т.с.с. Ал Елена тігу цехының жұмысын ұйымдастырады. Елена мен Антон жеңіп алған гранттың көмегімен офис пен тігу цехын кеңейтіп, қажетті жабдықтарын жаңартты. Енді олар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қосымша жұмыс орындарын аша алады.

Қазақстандағы мүгедек жандардың жалпы саны шамамен 626 мың адамды құрайды, бұл жалпы халық санының 3,7 %. Халықаралық ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2014 жылы ҚР жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың саны 90 300 адамды құрады. Олардың қаншасы қоғамда өз орнын тауып, қаржы жағынан тәуелсіз болып, өз отбасын асырау үшін өз бизнесін бастай алды?

Біз бағын сынап көрген сондай адамдардың ішінен кем дегенде 134 адамды білеміз. Өйткені осыншама адам «Жұлдыздырға қара» — «Посмотри на звезды» жобасының І кезеңіне қатысу үшін өз өтінімдерін жіберген болатын. Айта кетейік, аталған жоба мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Құс Жолы» қоры мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асып келеді.

2015 жылы бизнес идеяларын өмірге әкелу үшін байқаудың қатысушы-жеңімпаздары үшін гранттар саны өскен еді. Сондай-ақ бір грантқа бөлінетін сома да 300 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

28 тамыз 2015 жыл