20 қайырымды шара

29.07.2011

2011 жылғы сәуірде «20 қайырымды шара» қайырымдылық жобасы басталды. Аталған жоба «Құс жолы» қоры мен Қазкоммерцбанк тарапынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазкоммерцбанктің құрылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Жобаның басты мақсаты – еліміздегі қалалар мен тұрғындарына айтулы сыйлық жасау, қалалардағы өмірге белсене атсалысу, сол арқылы олардың кескін-келбетінің жақсаруына үлес қосу.

2011 жыл бойы банк бөлімшесі мен филиалдары бар Қазақстанның 20 қаласының тұрғындары  «Құс жолы» қоры мен КАЗКОМ-ның 20 сыйлығын бағалай алады.