Күткен балаларға ойын алаңдар

20.07.2011

«Құс жолы» қайырымдылық қоры және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ы балалардың құқықтарын қорғау халықаралық күнінде Өскемен және Балқаш қалаларының кішкентай тұрғындарына ұзақ уақыттан бері күткен ойын алаңдарын сыйға тартты. Осындай көңілді және естен кетпес мерекені Қазкоммерцбанктің Өскемен және Балқаш филиалдарының қызметкерлері ұйымдастырды.

Жамбыл атындағы өскемендік паркте және ВЛКСМ-нің 30 жылдығы атындағы балқаш паркте орналасқан балалар ойын алаңы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның құрылғанына 20 жылдығына орай «Құс жолы» қорының инициативасы бойынша «20 қайырымды істер» атты республикалық мерейтойлық жобаның аясында жасалынды.

Өскемен қаласында жүзеге асырылған жобаның бюджеті 1,3 млн теңгені құрады. Ал балалар алаңының құрылысына 3 мың кв.м бөлінген. Жаңа ойын кешені 13 жабдықтармен қаруланған: алтыбақанның бірнеше түрі, төбешік, күрке, пирмадиа, әткеншек, құмсалғыш, теңгергіш-әткеншек және ата-аналарға арналған орындык. Әдемі түрлі-түсті ертегілер әлемінің кейіпкерлері безендірілген балаларға арналған алаңын табу оңай.

«Жақсы жабдықталған балалар алаңы балалардың тез әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді. Өйткені балалар алаңы кішкентайлар өзара араласатын әлемнің моделі болып табылады», — дейді Өскемен қаласының әкімі Әбішев Іслам мырза.

«Балалар мен олардың ата-аналарына осы балалар алаңы көңілдерінен шығады деп ойламыз, өйткені балалардың сылдырлаған күлкісін осы балалар алаңында есту қандай керемет», — дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ Өскемен филиалының директоры Новиков Игор мырза. – Қоғамның игілігіне жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар біздің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтермелейтін қағидаларының бірі деп санаймыз.

Балқаш қаласында жүзеге асырылған жобаның құны 1 млн теңгені құрады. 300 кв.м ауданды балалар алаңына балалар спорттық-ойын кешенінен, яғни, әткеншектерден, алтыбақаннан, төбешіктен және балаларымен бірге келетін ата-аналарға арналған орындықтармен қамтылған.

«Өте көркем және әсем безендірілген ойын алаңдары мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың бірден бір жолы болып табылады. Біз бүгінгі мереке бизнес пен жергілікті қауымдастықтың серіктестігінің біріне айналғанына қуаныштымыз», — дейді Балқаш қаласының әкімі Тейлянов Қадыржан мырза.

«Осымен төрт жыл көлемінде біз Қазкоммерцбанктің «Құс жолы» қайырымдылық корпоративтік қорымен ҰОС-ның ардагерлерін, студенттерді, жастарды қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеміз. Осыдан екі апта бұрын біздің қаламыздың Орталық ауруханасында «Жебеуші-періште» жобасының шеңберінде босану бөліміне арналған жаңа жабдықтың тұсаукесері өтті. Ал бүгін біз жаңа балалар алаңын іске асырдық. Балалардың бақыты – бақытты мемлекеттің белгісі», — дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ Балқаш филиалының директорі Шаяпов Илья мырза.