Жарыс қорытындысы

19.10.2010

Қостанай

Қостанай қаласы, 2007 жыл, 14 қараша. Қордың қолдауымен Қостанай облыстық жетім балалар үйінде баскетболдан жарыс өтті. Жарысқа 92-93 жыл аралығындағы жасөспірімдерден құралған үш команда қатысты. Оларға қолдау көрсету үшін достары мен сыныптастары келді.

Жарыс екі ойыннан тұратын үш сатыға бөлінді. Қорытынды бойынша (49:47) екі ұпай артықшылықпен «Тобыл» командасы 1-орынды иеленсе, 2-орынды «Тигры», ал 3-орынды «Барыс» командасы алды.

ДЮСШ баскетбол оқытушысы, командалардың жаттықтырушысы Владимир Крохин: «Барлық команданың дайындығы жақсы болды, бірақ жеңіске ең мықты команда қол жеткізді», — деді.

Жарыс аяқталған соң барлық команда ойыншыларына естелік кубок пен спорттық киім берілді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар ойыншыларға белсенді және салауатты өмір салтын сақтап, жеңіске қол жеткізе берулерін шын жүректен тіледі.

Екібастұз

Бірінші саты 2007 жылдың 20 қазанында өтті және «Казкоммерцбанк» АҚ Екібастұз филиалының қызметкерлері мен «Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана» балалары арасында ойындар өткізілді.

Бұл шараның қолдаушысы «Голос Экибастуза» газеті. Шараға банк тарапынан 5 адам және 20 баладай қатысты. Жетімдер баспанасындағы балалардың жастары әртүрлі болғандықтан (6-10 жас) және мұқтаждықтары да әртүрлі болғандықтан, Екібастұз филиалы бұл шараны «ортақ ойындар» форматында спорттың түр-түрі бойынша ұйымдастырды.

Балалар тарту етілген спорттық бұйымдарды ойнап көруде үлкен құлшыныс танытып, өзара байланысқа қуана-қуана келісті. Балалар өз қалауы бойынша командаға бөлініп, футбол, волейбол, баскетбол және үстел тенниссін ойнады. Спорттық мереке шай ішумен аяқталды, содан кейін жетімдер баспанасының қызметкерлері бізден бірнеше минутқа кідіре тұруды сұрады, себебі балалар брейк-студияда үйренген билерін бірден көрсетті.

Нәтижесінде балалармен қатар банк қызметкерлері де қуанышқа бөленіп, алдағы уақытта балалармен кездесуді жалғастыратынын жеткізді.

Екінші саты 2007 жылдың 13 мен 17 қарашасы аралығында қала оқушылары арасында баскетбол жарысымен жалғасты. Жарыс қалалық білім беру бөлімшесімен бірлесе өткізілді. Қала мектептерінен жарысқа 8 команда қатысты. Құрамада қыздар және ерлер командасы болды. Әрбір командада – 12 адам. Жарысты «Казкоммерцбанк» АҚ Екібастұз филиалы директорының орынбасары Талғат Шарипов салтанатты түрде ашық деп жариялады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды №10 мектеп, 2-орынды №13, ал 3-орынды №18 мектеп алды. Сонымен қатар жақсы нәтиже көрсеткен ойыншылар, кәсіби ойын көрсетіп және жарыс барысында ең жоғары ұпай жинаған балалар ескерілді: №10 мектептің оқушысы – А.Цыганков (90 ұпай) және №18 мектептен А.Гарипова (124 ұпай). Ойында өзін көрсеткен оқушылар мен жеңімпаздарға спорттық киім берілді.

Семей

Семейдегі жарыстар ұйымдасқан түрде өте қызықты өтті. Барлығы сергектік пен жағымды әсер алды!

Аула аралық клубтар арасындағы мини-фтуболдан жарыс 16 қарашада аяқталды. «Жолдас» командасы жеңімпаз атанды.

2 және 3-орынды өзара «Красный флот» және «Восток» командалары бөлісті.

Жеңімпаздарға брендтік киімдер мен балалардың аула аралық футболды дамытып, кәсіби деңгейге жетуіне жәрдем беру үшін спорттық құрал-саймандар берілді. Балалар сыйлықтарға риза болды.

Өскемен

«Казкоммерцбанк» АҚ ӨФ мен Өскемен қаласының білім беру және спорт бөлімі бірлесіп, қала мектептері арасында волейболдан жарыс өткізді. Жарысқа 30 команда қатысты. Ал финалға 8 команда шықты.

2007 жылдың 3 желтоқсанында №10 орта мектепте 17.00-де «Біздерді тани біл!» акциясы аясында волейболдан жарысқа қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімі өтті.

«Казкоммерцбанк» АҚ ӨФ-ның бөлшек сауда бойынша директорының орынбасары В.Г. Скоринова жеңімпаздарды құттықтай отырып, волейболистерге халықаралық сайыстарда жеңіске жете беруін тіледі. «Құс жолы» қоры жеңімпаздардың кәсіби деңгейге жетіп, спортта көріне беруі үшін спорттық киімдер тарту етті. Балалар ду қол шапалақпен алғысын білдірді.

3-орынды №16 орта мектеп командасы, 2-орынды №39 орта мектептің қыздары, ал «Құс жолы» қорының кубогын №35 орта мектептің оқушылары иеленді.

Балқаш

«Біздерді тани біл!» акциясы аясындағы баскетболдан жарыс 2007 жылдың 19 мен 23 желтоқсан аралығында №1 орта мектепте өтті.

Жарыс командалар шеруімен басталды. Одан кейін «Казкоммерцбанк» АҚ Балқаш филиалының директоры Б.Ж.Сағынбеков, Қалалық білім беру бөлімшесінің меңгерушісінің орынбасары Г.Ж.Агдарбекова және Қалалық білім беру бөлімшесінің дене шынықтыру бойынша әдіскері З.К.Қанатов қатысушыларды «Тәуелсіздік мерекесімен» құттықтап, жарысты ашық деп жариялады.

Жеребе тасталғаннан кейін 8 мектеп екі топқа бөлінді:
1 топ — №1, №5, №9, №7 орта мектептері
2 топ – мектеп-гимназия, №4, №8, №17 орта мектептері

Өз тобында 1 және 2-орын алған командалар жарыста ақтық сынға жолдама алып, алдымен ширек финалда, кейін финалда 1 және 3 орынға ие болған жеңімпаздар анықталды.
«Құс жолы» қоры атынан жеңімпаздар құнды сыйлықтар мен медальдар алды. Жеңімпаз кубогын Мектеп-гимназия иеленді.

Команда ойыншылары арасында түрлі номинациялар бойынша байқаулар ұйымдастырылды (үздік шабуылшы, үздік қорғаушы, үздік орталық ойыншы, үздік бомбардир, 3 ұпайлық лақтыру бойынша үздік ойыншы, айыппұл добын лақтыру бойынша үздік ойыншы, ең жас қатысушы), сондай-ақ үзілісте жанкүйерлер арасында да ойындар ұйымдастырылды. Марапаттау рәсімінен соң №1 орта мектеп музыкалық қойылымдарын ұсынды.

Павлодар

5 желтоқсанда Павлодар қаласында оқушылар арасында волейболдан жарыс болды. Жарыс ұйымдастырушылары: «Құс жолы» қайырымдылық қоры және «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Павлодар филиалы, Павлодар қаласы әкімшілігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» мен «Білім беру бөлімінің» қолдауымен өтті. Жарысқа №21 мектептің оқушылары қатысты. Командалар 4 топқа бөлінді. Жалпы ойындар 42, 43, 22, 29 мектептерде өткізілді.

Алдын ала ойнау нәтижесінде №5, 43, 26, 42, 29, 4, 10, 24 мектептерден 8 команда ширек финалға шықты. Ойындар №29 және 43 орта мектепте болып, осы жерде ақтық сынға шығатын командалар айқындалды — №4, 29, 26, 42 мектептер.

15 желтоқсанда «Автомобилист» спорт кешенінде финал өтті.

Финалда 3 және 4 орындарға №26 және №29 орта мектеп командалары таласты. Нәтижесінде №26 орта мектеп 3 орынға табан тіреді. Ал 29 мектеп 4 орынды қанағат тұтты.
Ал 1 және 2 орынға №4 және №42 мектеп командалары сайысты. Нәтижесінде 1 ұпайға артық нәтижемен №4 мектеп спортшылары жеңіске жетті.

Жеңген командаларға құнды сыйлықтар, кубок, грамоталар берілді. Сондай-ақ, командалардың үздік ойыншылары анықталды.

Жалпы жарыс мазмұнды өтті, ал жанкүйерлер командаларға қолдау көрсетіп отырды!