07.11.2012


 

 

 

2012 жылдың «Жебеуші-періште» қайырымдылық жобасының келесі объектісі — Шығыс-Қазақстан облысының Ұржар аудандық ауруханасы болып табылды. Шығыс Қазақстан облысындағы жоба БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтті. 

2012 жылдың қазан айының 22-ші жұлдызында Ұржар аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жалпы сомасы 25,3 млн теңгені құрайтын заманауи медициналық құрал-жабдықтар жиынтығын ресми табыс ету іс-шарасы өтті.

Ұржар аудандық ауруханасын заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұсынысымен қолға алынған болатын. Ұржар ауылы теміржолдан, басты автокөлік жолынан шалғай жатыр, сондай-ақ облыстық және республикалық перинаталдық орталықтар Өскемен қаласында орналасқан. 2011 жылдың статистикалық мәліметтері бойынша Ұржар ауданының халқы 81,3 мың адамды құрап отыр.  Аудан тұрғындарының басым көпшілігі, атап айтсақ, 27 ауылдық округтар мен 55 ауылдық елді мекен тұрғындары медициналық көмек үшін Ұржар аудандық ауруханасына жүгінеді.

Ауылдық ауруханаларда босану бөлімшелеріне арналған жеке жансақтаулары жоқ, ауруханада тек жалғыз жансақтау палатасы бар – сондықтан да жаңа құрал-жабдықтар жиынтығы босанған әйелдермен қатар, басқа да пациенттерге көмегін тигізетін болады.

Медициналық жиынтық 13 атаудан және 22 бірліктен тұрады: құрал-жабдықтар тізімі