2005 жыл. «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз»

20.07.2011

Акцияның мақсаты: Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін соғыстың жеңіспен аяқталғанына 60-жыл толуымен құттықтау.

«Қазкоммерцбанк» АҚ–ы «Құс жолы» қайырымдылық корпоративтік қормен біріге отырып, Жеңістің 60 жылдығына арналған «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» атты әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырды. Аталмыш бағдарлама банктің 300-ге жуық қызметкерлері мен клиенттерін біріктірді: ақшалақ үлес, шығармашылық тұрғыда қатысу, еріктілердің қолдауы бағдарламаны одан әрмен көріктендіре түсті. Жиналған қомақты қаражатқа «Құс жолы» қайырымдылық қоры мамыр айының 8-ші жұлдызы мен 12-ші жұлдызы аралығында Алматы шипажайында 22 қаладан шақырылған ҰОС-ның ардагерлеріне арналған мерекелік бағдардаманы өткізді.

Бағдарламаның бюджеті 65 млн теңгені құрады.
«Құс жолы» қайырымдылық қорының үлесі – 63 975 000 теңге.
2005 жылдың сәуір айының 4-ші жұлдызы мен мамыр айының 5-ші жұлдызы аралығында Homebank.kz қаржылай порталы арқылы 395906 теңге көлемінде қаражат жиналды.
Компанияның клиенттері мен банктің серіктестерінің үлестері – 345000 теңге.

Ұлы Отан Соғысының Жеңіспен аяқталғанына 60-жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар:

2005 жылдың наурыз-сәуір айлары — Даңқ Мемориалын қалпына келтіру
2005 жылдың сәуір айында «Қазкоммерцбанк» АҚ–ы өз тарапынан 28 панфиловшы-жауынгерлер атындағы алматылық саябақтағы Даңқ Мемориалын қалпына келтіру жобасына 50 млн теңге бөлді. Алматы қаласындағы Даңқ Мемориалы 1975 жылы Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына 30 жылдығына орай салынған болатын. 30 жыл ішінде ескерткішті алматы әкімшілігінің инициативасы бойынша бірнеше қазақстандық компаниялардың, соның ішінде Қазкоммерцбанктің тарапынан жөндеуден өткізілді.
«Қазкоммерцбанк қызметкерлерінің орташа жасы мемориалдың жасындай 30-да. Біздің бұл аталмыш жобаға ат салуымыздың өзі – Ұлы Отан Соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне, еңбек ардагерлеріне, соғыстың ұл-қыздарына, біздің ата-аналарымызға деген үлкен құрметтің белгісі. Біз сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз», — дейді «Қазкоммерцбанк» АҚ–ы Басқарма төрайымы Жусупова Нина.

2005 жылдың мамыр-маусым айлары – 1500-ға жуық ҰОС-ның қатысушылары, банктің салымшылары 5000 мың теңгеден ақшалай сыйақы алды. Жалпы қомақты қаражат 7475000 теңге құрады.
2005 жыл мамыр айының 2-ші жұлдызы – «Жеңіске 60 жыл» саяжол салынды. 2-ші мамыр күні «Құс жолы» қайырымдылық қорының бастамасымен Қазкоммерцбанктің қызметкерлері иницативті топтармен біріге «Жеңіске 60 жыл саяжолы» атты акцияны өткізді. Алматы қаласының шағын аудандарының бірінде 60 көшеттері отырызылған саяжол салынды. Сонымен қатар Ұлы Отан Соғысында қаза болғандарға арналған мемориалды тақтайша орналастырылды.
2005 жыл мамыр айының 7-ші жұлдызы – банктің салымшыларына арналған 100 майдандық грамм. Мереке қарсаңында бірнеше қалаларда «Қазкоммерцбанк» АҚ–ы өздерінің клиенттеріне нағыз дала асханасын ұйымдастырды. Алматы қаласында Қазкоммерцбанктің бас офисінде дөңгелектерге орналастырылған арнайы асхана ұйымдастырылды, бұл дастархандағы сарбаз ботқасынан дәм татуға Қазкоммерцбанктің Алматы филиалының 600-ге жуық майданшы-салымшылары шақырылды, сонымен қатар оларға 5 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етілді.
2005 жылдың 8-12 мамыры – қазкомдықтар ардагерлерге арнап ән салады.
Республикамыздың 22 қаласынан шақырылған ардагерлерге арналған арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. «Құс жолы» қоры 100-ге тарта құрметті қонақтарды Алматы қаласының «Қарғалы» шипажайына орналастырды. Аталмыш Қор Алматы қалалық әкімшілігінен арнайы шақырылған делегация мүшелеріне қаланың ресми мерекесіне, яғни 28 майданшы-жауынгерлер атындағы саябақтағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарына қоюға және Орталық стадиондағы қалалық концертке қатысуға шақыру билеттерін алды. Үшінші күні ардагерлер қаланың тарихи орындары мен ескерткіштерін аралап шықты. Сонымен бірге Н.Сац атындағы Орыс Драмалық театрында ақындық қойылымды тамашалады. Ал 10-шы мамырда «Қарғалы» шипажайында банктің қызметкерлері майдандық тақпақтар оқып, аккордеонда ойнап, вальс билеп, керемет мерекелік концерт қойды.

Пікірлер кітабынан үзінді. ҰОС-ның ардагері, аға лейтенант Архангельский Николай Михайлович, Қарағанды қаласы: «Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның барлығы көңілімнен шықты, әсіресе шын жүректен өнерлерін көрсеткен банк қызметкерлерінің ықыластары жүректі бір тербетті».
Осы азғандай уақыттың ішінде ардагерлер біздің банктің басшыларымен, жұмыс бағыттарымен танысты.

Пікірлер кітабынан үзінді. ҰОС-ның ардагері, Троценко Михаил Григорьевич, Тараз қаласы: «Қазкоммерцбанктің басшылары мен қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. Олар бізге ерекше ықыласпен қарады. Алматы қаласындағы Ұлы жеңістің 60-жылдығын атап өтуде біз жоғары сезімде болдық. Мен 10 жыл көлемінде банктің салымшысы болып табыламын, өмірімнің соңына дейін де осы банктің салымшысы боламын. Қазкоммерцбанк менің банкім, өйткені кез келген қиыншылықты маған қол ұшын беретініне сенімдімін. Бұл аталмыш банк сенімділікке, мұнтаздай абыройға қол жеткізгені айтпаса да белгілі».

Пікірлер кітабынан «Үйге ұмытылмайтындай сезіммен қайтп барамыз!» деген ой-пікір ең әсерлі болды. Бағдарламаға қатысушылардың ой-пікірлерінше «Қазкоммерцбанк» АҚ–ы және «Құс жолы» Қорының қызметкерлерімен өткен кездесулер сәтті өтті.

Бағдарламаның соңында ардагерлерге мерекелік кештерде түсірілген 2000-ға жуық суреттері фотоальбомдар мен сыйлықтар табыс етілді.