2006 жыл. ҰОС-ның ардагерлерін құттықтау

20.07.2011

9-шы мамырда «Құс жолы» Қоры ҰОС-ның қатысушыларын, банк салымшы-ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Былтырғы жылы «Құс жолы» Қоры Еріктілер комитетімен біріге отырып, «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» атты бағдарламасының аясында Алматы қаласында Жеңістің 60 жылдығын атап өтуге филиалдардағы ҰОС-ның ардагерлерін шақырды. Өткен жылдағы жобаның қатысушыларымен жақсы қарым-қатынасты үзбеу үшін банктің қызметкерлері-еріктілері құттықтау видео-ашық хаттарын жасады. Банктің Қамқоршылық Кеңесі «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» атты бағдарламаның барлық қатысушыларын мәндес салымшылар алатын материалдық көмекті алатындар қатарына қосқан.

Филиалдардың қызметкерлері-еріктілері өткен жылы оңтүстік астанаға келген ардагерлерді де осы жылы шақырып, бас кеңседен берілген видеосәлемдемені жолдап, оларға ақшалай көмекті ұсынды.

Татьяна Василенко, Павлодар филиалы: «Оларды еске алып, құрмет көрсеткендері ардагерлерді қуантты».

Сусликова Любовь, Екібастұз филиалы: «Өкінішке орай, жылдан-жылға біздің қымбатты да, қадірменді ардагерлеріміз азайып барады».

«Құс жолы» Қоры аталмыш іс-шараның ойдағыдай өтуіне көмектерін аямаған банктің қызметкерлеріне-еріктілеріне ризашылықтарын білдіреді:

1. Василенко Татьяна — Павлодар филиалы
2. Бычковская Татьяна, Туралина Марьям – Ақтөбе филиалы
3. Ақдәулетова Ботакөз — Орал филиалы
4. Смағұлтегі Жарқын — Семей филиалы
5. Семенеева Айна — Теміртау филиалы
6. Ақтөриева Роза — Атырау филиалы
7. Абилев Ерлан — Қарағанды филиалы
8. Мағажанова Гүлайдар — Өскемен қаласы
9. Орынбаев Ерлан — Қостанай филиалы
10. Тұрган Надира — Шелек филиалы
11. Сусликова Любовь — Екібастұз филиалы
12. Якунин Николай – Петропавл филиалы