2007 жыл. Қуаныштан көз жасы жасқа толы мереке

20.07.2011

Жеңіс күні – посткеңестік кеңістіктегі ұлы мереке. Жыл сайын «Құс жолы» Қоры мен «Қазкоммерцбанк» АҚ–ы күнтізбеде көрсетілген аталмыш күнді түрлі акция мен кездесулерді ұйымдастыра отырып атап өтеді.

Сонымен 2005 жылы Қор өз тарапынан Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына 60 жыл толуына орай Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінен келген ҰОС-ның ардагерлеріне арналған «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» атты акцияны жүзеге асырды. Акцияны жүзеге асыру аясында аталмыш Қор республиканың түкпір-түкпіріндегі ардагерлерді Алматыға Жеңіс күнін атап өтуге және шеруге қатысу үшін мерекелік бағдарламаны ұйымдастырды.

Осы жылы Қор мен Банк салымшы-ардагерлерін аталмыш мерекемен құттықтап, 5000 теңге көлемінде ақша аударды. Сонымен бірге банктің қызметкерлері кез келген ардагерді жекелей құттықтап, гүл шоқтары мен ашық хаттармен марапаттады.