2009 жыл. Ұлы күн – Жеңіс күні!

20.07.2011

Міне 5 жыл көлемінде «Құс жолы» қоры мен «Қазкоммерцбанк» АҚ–ы Ұлы Жеңіс күніне орай майдангерлерді құттықтауды дәстүрге айналдырып үлгерді.

Өткен жылдағыдай биыл да банктің салымшы-ардагерлеріне 5000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақылар аударылды. Сонымен қатар филиалдармен біріге төрт жыл бойы «Бейбіт өмір сүру құқығы үшін алғыс білдіреміз» акциясының кез келген ардагер-қатысушыларын құттықтаймыз. 2009 жылы акцияның бюджеті 5 млн теңгені құрап отыр.

Осы жылы Алматы қаласының «Қазкоммерцбанк» АҚ–ның қызметкерлері ҰОС-ның ардагерлерін жекелей құттықтап шықты. Банктің барлық департаменттерінің қызметкерлері Алматы қаласының Бостандық ауданының ардагерлерінде қонақта болып, гүл шоқтарын сыйға тартты. Біреулері дәрі-дәрмектерге, біреулері азық-түлікке зәру болса, кейбіреулеріне көңіл күй жетпейді.

Өкінішке орай, жыл сайын майдангерлер саны азайып барады. Ал осындай Ұлы жеңіс күнін қарсы алған майдангерлер өздерінің басынан өткен оқиғаларын жастармен бөлісті.  Майданда түскен суреттерін көрсетіп, майдангер-достары жайлы сөз қозғап, көздеріне жас алды.

«Құс жолы» қоры Қазкомның еріктілерін кез келген ардагерге ілтипатпен келіп, шынай көмектескендері үшін алғыстарын білдіреді.