Жол жүрү гранттары бағдарламасы

19.10.2010

Өзіне және өз шығармашылығына сенетін жандарға арналған!

Жол жүру гранттары бағдарламасы 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Бағдарлама Қазақстанның барлық аймақтарындағы талантты балалардың, дарынды жастардың, шығармашылық ұжымдар мен жетім балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге және кәсіби өсуіне арналған. Бұл өзіңді және өз кәсіби-шығармашылық деңгейіңді көтеруге арналған тамаша мүмкіндік.

Бағдарламаның мәні:

Жыл сайын байқау негізінде Қазақстан Республикасы және шет аймақтардағы шығармашылық байқауына қатысу үшін арнайы гранттар бөлінеді. Грант екі жаққа барып-келу билетін төлеу түрінде көрсетіледі. Қатысуға берілген өтініштер бір жыл бойы қабылданады және әр тоқсан сайын қарастырылады.

2004 және 2008 жылдар аралығында жол жүру грантын 263 қатысушылар алған болатын.

Олар Қазақстанды Италия (Венеция), АҚШ (Нью-Йорк, Калифорния), Дания (Нукобинг), Венгрия (Будапешт), Чехия (Прага), Болгария (Варна, Кранево), Кувейт (Эль-Кувейт), Иран (Тегеран), Ресей (Сочи, Санкт-Петербург), Белоруссия (Минск) и Украина (Феодосия), Шотландия (Глазго) елдеріне танытып қайтты.